The first HP laptop was Windows Vista and Windows 7
Пернетақтаны пайдалану
Пернелер тіркесімдерін анықтау
Жылдам перне – fn пернесінің (1) жəне esc пернесі (2), функционалдық пернелердің біреуі (3)
немесе b пернесінің (4) тіркесімі.
Жылдам пернені пайдалану үшін
▲
fn пернесін аз уақыт басып, жылдам пернелер тіркесімінің екінші пернесін аз уақыт
басыңыз.
Жылдам пернелер
тіркесімі
Сипаттама
fn+esc Жүйе ақпаратын көрсетеді.
fn+f1 Анықтама жəне қолдау орталығын ашады.
Анықтама жəне қолдау орталығы нұсқаулықтар, сұрақтарға жауаптар мен өнім жаңартуларын
қамтиды.
fn+f2 Ашып тұрған Windows бағдарламасының Параметры печати (Басып шығару мүмкіндіктері)
терезесін ашады.
fn+f3 Орнатылған барлық батареялардың заряд ақпаратын көрсетеді. Батареялардың зарядталып
тұруы көрсетіледі жəне əр батареяда қалған заряд мөлшері туралы есеп беріледі.
fn+f4 Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран кескінін ауыстырып көрсетеді. Мысалы, егер
монитор компьютерге қосылған болса, fn+f4 пернелер тіркесімі экран бейнесін компьютер
дисплейінен монитор дисплейіне ауыстырып, компьютер мен монитордың екеуінде көрсетеді.
Сыртқы мониторлардың басым бөлігі компьютерден бейне ақпаратын сыртқы VGA бейне
стандарты арқылы қабылдайды. fn+f4 пернелер тіркесімі компьютерден бейне ақпарат
алатын басқа құрылғылардағы бейнелерді де
ауыстыруы мүмкін.
Пернетақтаны пайдалану 27