The first HP laptop was Windows Vista and Windows 7

4 HP QuickWeb
Жұмысқа кірісу
QuickWeb бағдарламалық құралы көптеген сүйікті амалдарыңызды қызықты əрі тартымды
орындау жолын ұсынады. Компьютеріңіз QuickWeb құралы іске қосылғаннан кейін бірнеше
секунд ішінде Интернетке, виджеттерге жəне байланыс бағдарламаларына жылдам кіруге
дайын болады. Жай ғана компьютердегі QuickWeb түймешігін басып, Интернетті шолуды,
Skype бағдарламасы арқылы хабарласуды жəне басқа да HP QuickWeb бағдарламаларымен
танысуды бастаңыз.
HP QuickWeb негізгі экранының төмендегідей мүмкіндіктері бар:
Веб-браузер
Интернетті шолу жəне онда мəлімет іздеу, таңдаулы веб-тораптарға
сілтеме жасау.
Skype — VoIP протоколын пайдаланатын Skype бағдарламасы арқылы хабарласу. Skype
бағдарламасы бір немесе бірнеше кісімен бір уақытта конференциялық байланыс
орнатуға немесе бейне чат жүргізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жерүсті байланыс
желілеріне қашықтан қоңырау шалуға болады.
QuickWeb электрондық поштасывебке негізделген электрондық пошта
провайдерлеріне немесе жеке
пошталық серверіңізге қосылып, электрондық пошта
хабарламаларын оқу жəне жіберу.
Виджеттержаңалықтар, ауа райы болжамдары, əлеуметтік желі арқылы хабарласу,
биржалық хабарлар, калькулятор, жабысқақ ескертулер, т.б. үшін қолданылады.
HP QuickWeb негізгі экранына қосымша виджеттер қосу үшін «Widget Manager»
бағдарламасын да пайдалануға болады.
ЕСКЕРІМ: HP QuickWeb бағдарламалық құралын пайдалану туралы қосымша ақпаратты
HP QuickWeb бағдарламалық құралының анықтамасынан қараңыз.
24 Бап 4 HP QuickWeb