The first HP laptop was Windows Vista and Windows 7

3. Пуск (Бастау) > Подключиться к (Қосылу) тармақтарын таңдаңыз.
4. Тізімнен WLAN желісін таңдаңыз.
Желі қауіпсіз қосылмаған болса, ескерту хабары көрсетіледі. Ескерту хабарын
қабылдап, қосылыстың орнатылуын аяқтау үшін Все равно подключиться (Бəрібір
қосылу) параметрін таңдаңыз.
Егер желі қауіпсіз қосылған WLAN желісі болса, сізден желінің қауіпсіздік кілтін енгізу
сұралады. Кодты енгізіп, қосылысты аяқтау үшін, Подключиться (
Қосылу) түймешігін
басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер WLAN тізімі көрсетілсе, сымсыз жол жоспарлағышы ауқымының немесе
кіру нүктесінің сыртындасыз.
ЕСКЕРІМ: Егер қосылатын WLAN желісін көрмесеңіз, Показать все подключения
(Барлық қосылыстарды көрсету) сілтемесін таңдаңыз. Бар желілер тізімі көрсетіледі. Бар
желіге қосылу немесе жаңа желі қосылысын жасау мүмкіндігін таңдауға болады.
Қосылыс жасалғаннан кейін, тінтуір меңзерін қосылымның атын жəне күйін растау үшін
хабарландыру аймағындағы желі белгішесінің үстіне, тапсырмалар тақтасының оң жағына
қоюға болады.
ЕСКЕРІМ: Жұмыс ауқымы (сымсыз сигналдардың жету алыстығы) WLAN кіруіне, жол
жоспарлағышын өндірушіге жəне басқа электрондық құрылғылардан алынған кедергілерге
немесе қабырғалар жəне едендер сияқты құрылымды тосқауылдарға байланысты болады.
Жаңа WLAN желісін орнату
Қажетті жабдықтар:
Кең жолақты модем (DSL немесе кабельді) (1) жəне Интернет провайдерінен (ISP) сатып
алынған жоғары жылдамдықты интернет қызметі
Сымсыз жол жоспарлағыш (бөлек сатылады) (2)
Жаңа сымсыз компьютер (3)
ЕСКЕРІМ: Кейбір модемдердің ішіне жол жоспарлағышы орнатылады. Интернет
провайдерінен модем түрінің қайсысын пайдаланатындығын сұраңыз.
Суретте Интернетке қосылған дайын WLAN сымсыз желісінің орнатымы мысалға келтірілген.
Желі кеңейген сайын, Интернетке кіру үшін желіге қосымша сымсыз жəне сымды
компьютерлерді қосуға болады.
22 Бап 3 Желі орнату