The first HP laptop was Windows Vista and Windows 7
Оң жағы
Бөлік Сипаттама
(1)
Аудио шығыс (құлаққап) ұясы/Аудио кіріс
(микрофон) ұясы
Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштерге,
құлаққаптарға, тығын тəріздес құлақаспаптарға,
гарнитураға немесе теледидар дыбысы ұясына
қосылады. Сонымен қатар, қосымша гарнитура
микрофонын қосады.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін,
гарнитураларды жəне құлақаспаптарды киер алдында,
дыбыс деңгейін реттеңіз. Қауіпсіздік туралы қосымша
ақпарат алу үшін, Заңдық, қауіпсіздік жəне экологиялық
ескертпелер нұсқаулығын қараңыз.
ЕСКЕРІМ: Құрылғы ұяға қосылған кезде, компьютер
үндеткіштері ажыратылады.
ЕСКЕРІМ: Құрылғы кабелінің аудио шығыс
(гарнитура) жəне аудио кіріс (микрофон) ұяларының
екеуіне сəйкес келетін 4 сымды қосқышы бар екеніне
көз жеткізіңіз.
(2)
USB зарядтау порты Қосымша USB құрылғыларын қосады. Компьютер
өшірулі кезде ұялы телефондар мен MP3
ойнатқыштарының таңдаулы үлгілерін де USB зарядтау
порты арқылы зарядтауға болады.
(3)
USB порты Қосымша USB құрылғыларын қосады.
(4)
RJ-45 (желі) шамдары (2) ● Жасыл (сол жақта): желі қосылды.
● Сары (оң жақта): желі белсенді.
(5)
RJ-45 (желі) ұясы Желілік кабелді қосады.
Оң жағы 13