Алғашқы жұмыс HP ноутбугі
© Copyright 2011 Hewlett-Packard Development Company, L.P. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады жəне оны HewlettPackard компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Microsoft, Windows жəне Windows Vista – Microsoft корпорациясының АҚШ-тағы тіркелген сауда белгілері. SD Logo – өз меншік иесінің сауда белгісі. Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Maзмұны 1 Қош келдіңіз ................................................................................................................................................... 1 Beats Audio .......................................................................................................................................... 2 Ақпаратты табу ................................................................................................................................... 3 2 Компьютермен танысу ..............
Пернетақталарды пайдалану .......................................................................................... 28 Енгізілген сандық пернетақтаны пайдалану .................................................. 29 Енгізілген сандық пернетақтаны қосу жəне сөндіру ..................... 29 Енгізілген сандық пернетақта пернелерінің функцияларын ауыстырып қосу ............................................................................... 30 Меңзегіш құрылғыларды пайдалану ......................................
f11 қалпына келтіру құралдарын пайдалану ................................................. 57 Windows Vista амалдық жүйесі DVD дискісін (бөлек сатылады) пайдалану ........................................................................................................ 58 8 Тұтынушыларды қолдау ........................................................................................................................... 59 Тұтынушыларға қолдау көрсету қызметімен байланысу .........................................
viii
1 Қош келдіңіз ● Beats Audio ● Ақпаратты табу Компьютер параметрлерін орнатып, оны тіркегеннен кейін, мына əрекеттерді орындау маңызды: ● HP QuickWeb орнату — Интернет, виджеттер, электрондық пошта мен байланыс бағдарламаларына негізгі амалдық жүйені бастамастан бірден кіру үшін қолданылады. Қосымша ақпарат алу үшін, HP QuickWeb 24-бетте тарауын қараңыз. ● Интернетке қосылу — Интернетке қосылу үшін, сымды немесе сымсыз желі параметрлерін реттеңіз.
Beats Audio Beats Audio — таза дыбысты қолданған кезде, терең, басқарылатын төменгі дыбыс беретін жетілдірілген дыбыс профилі. Beats Audio əдепкі параметрлер бойынша қосылған. ▲ Beats Audio бас параметрлерін арттыру немесе төмендету үшін, fn пернесі (1) мен b пернесін (2) басыңыз. ЕСКЕРІМ: Төменгі жиілік параметрлерін Windows амалдық жүйесі арқылы да көруге немесе басқаруға болады.
Ақпаратты табу Түрлі тапсырмаларды орындауға көмектесетін бірнеше құрал компьютерде орнатылып келеді. Құралдар Берілетін ақпарат Орнату нұсқаулары постері ● Компьютерді орнату туралы ● Компьютер бөліктерін анықтауға көмек Алғашқы жұмыс ● Компьютер сипаттары Бұл нұсқаулықты пайдалану үшін ● Сымсыз желіге қосылу сипаттамасы Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) > Руководства пользователя (Пайдаланушы нұсқаулықтары) тармағын таңдаңыз.
Құралдар Берілетін ақпарат Қауіпсіз жəне ыңғайлы жұмыс жасау нұсқаулығы ● Жұмыс компьютерін дұрыс орнату, дұрыс отыру, денсаулық сақтау жəне жұмыс жасау салттары ● Электр жəне механикалық қауіпсіздік ақпараты Бұл нұсқаулықты пайдалану үшін Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) > Руководства пользователя (Пайдаланушы нұсқаулықтары) тармағын таңдаңыз. – немесе – Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > HP > Документация HP (НР құжаттамасы) тармағын таңдаңыз.
Құралдар Берілетін ақпарат Шектеулі кепілдік* Кепілдік туралы ақпарат Кепілдікті ашу үшін Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) > Руководства пользователя (Пайдаланушы нұсқаулықтары) > Просмотреть информацию о гарантии (Кепілдік ақпаратын көру) тармағын таңдаңыз. – немесе – Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > HP > Документация HP (НР құжаттамасы) > Просмотреть информацию о гарантии (Кепілдік ақпаратын көру) тармақтарын таңдаңыз. – немесе – http://www.hp.
2 6 Компьютермен танысу ● Жоғарыдан қарағандағы көрінісі ● Алдыңғы жағы ● Оң жағы ● Сол жағы ● Дисплей ● Астыңғы жағы Бап 2 Компьютермен танысу
Жоғарыдан қарағандағы көрінісі Сенсорлы тақта Бөлік Сипаттама (1) Сенсорлы тақтаны қосу/өшіру түймешігі Сенсорлы тақтаны қосады жəне сөндіреді. (2) Сенсорлы тақта Меңзерді жылжытады жəне экрандағы элементтерді таңдайды немесе іске қосады. (3) Сенсорлы тақтаның сол жақ түймешігі Сыртқы тінтуірдің сол жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді. (4) Сенсорлы тақтаның оң жақ түймешігі Сыртқы тінтуірдің оң жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді.
Шамдар Бөлік (1) (2) (3) Сипаттама Қуат шамы Сымсыз байланыс шамы QuickWeb шамы ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Жыпылықтап тұр: компьютер ұйқы режимінде. ● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. ● Ақ: Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы жəне/ немесе Bluetooth® құрылғысы сияқты ішкі сымсыз құрылғы қосулы. ● Сары: барлық сымсыз құрылғылар өшірулі. ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде.
Түймешіктер жəне саусақ ізін оқу құрылғысы (тек таңдаулы үлгілерде) Жоғарыдан қарағандағы көрінісі 9
Бөлік (1) Сипаттама Қуат түймешігі ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін түймешікті басыңыз. ● Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер күту күйінде болған кезде, күту күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз.
Пернелер Бөлік Сипаттама (1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты көрсетіледі. (2) fn пернесі Функционалдық пернемен, num lk немесе esc пернесімен бірге басылғанда, жиі пайдаланылатын жүйелік функцияларды орындайды. (3) Windows логотипті перне Windows жүйесінің Пуск (Бастау) мəзірін көрсетеді. (4) Функционалдық пернелер fn пернесімен бірге басылғанда жиі қолданылатын жүйелік функцияларды орындайды.
Алдыңғы жағы Бөлік (1) (2) (3) 12 Сипаттама Қуат шамы Қатты диск жетегінің жарығы Үндеткіштер (2) Бап 2 Компьютермен танысу ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Жыпылықтап тұр: компьютер ұйқы режимінде. ● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. ● Ақ түсте жыпылықтау: катты диск пайдаланылуда. ● Сары: HP 3D DriveGuard қызметі қатты дискті уақытша əдепкі орнына қалпына келтірген. Дыбыс шығарады.
Оң жағы Бөлік (1) Сипаттама Аудио шығыс (құлаққап) ұясы/Аудио кіріс (микрофон) ұясы Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштерге, құлаққаптарға, тығын тəріздес құлақаспаптарға, гарнитураға немесе теледидар дыбысы ұясына қосылады. Сонымен қатар, қосымша гарнитура микрофонын қосады. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, гарнитураларды жəне құлақаспаптарды киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз.
Бөлік 14 Сипаттама (6) Қуат коннекторы Айнымалы ток адаптері қосылады. (7) Батарея шамы ● Сары: компьютер сыртқы қуат көзіне қосылған жəне батарея 0 мен 90%-ға дейін зарядталған ● Ақ: компьютер сыртқы қуат көзіне қосылған жəне батарея 90 мен 99%-ға дейін зарядталған ● Сары түсте жыпылықтау: Жалғыз қуат көзі болатын батарея заряды төмен батарея деңгейіне жетті. Батарея заряды өте төмен деңгейге жеткен кезде батарея шамы жиі-жиі жыпылықтай бастайды. ● Өшірулі: Батарея толығымен зарядталған.
Сол жағы Бөлік (1) Сипаттама Қауіпсіздік кабелінің ұясы Қосымша қауіпсіздік кабелін компьютерге жалғайды. ЕСКЕРІМ: Қауіпсіздік кабелі сақтандырғыш құрал ретінде əрекет ету үшін жасалған, бірақ ол компьютерге күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін. (2) Желдеткіш Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қосады. ЕСКЕРІМ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін жəне қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады.
Дисплей Бөлік (1) Сипаттама Ішкі дисплей қосқышы Дисплейді өшіреді немесе егер дисплей қуат қосулы кезде жабылған болса, ұйқы күйін қосады. ЕСКЕРІМ: Дисплей қосқышы компьютердің сыртынан көрінбейді. (2) WLAN антенналары (2)* Сымсыз жергілікті желілермен (WLAN) байланыста болу үшін сымсыз байланыс сигналдарын жібереді жəне қабылдайды. (3) WLAN антенналары (2)* Сымсыз ғаламдық желілермен (WWAN) байланыс жасау мақсатында сымсыз сигналдарды жібереді жəне қабылдайды.
Астыңғы жағы Бөлік Сипаттама (1) Батарея ұясы Батареяны ұстайды. (2) Батарея қақпағын босату ысырмасы Батарея қақпағын батарея ұясынан босатады. (3) Желдеткіштер (2) Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қамтамасыз етеді. ЕСКЕРІМ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін жəне қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің қосылып-өшірілуі қалыпты жағдай болып табылады. (4) Bluetooth бөлімі Bluetooth құрылғысын ұстайды.
Бөлік Сипаттама (5) SIM картасының ұясы Сымсыз SIM (Абоненттің анықтау модулі) картасына қолдау көрсетіледі. SIM картасының ұясы батарея ұясында орналасқан. (6) Қатты диск ұясы Қатты дискі, сондай-ақ сымсыз LAN модулі ұясы, WWAN модулі ұясы жəне жад модулі ұялары орналасады. ЕСКЕРТУ: Жүйенің жауап бермеуін болдырмау үшін, сымсыз модульді тек еліңіздегі немесе аймағыңыздағы сымсыз құрылғыларды реттеуші үкіметтік агенттік компьютерде қолдануға рұқсат еткен сымсыз модульдермен ауыстырыңыз.
3 Желі орнату ● Интернет провайдерін (ISP) пайдалану ● Сымсыз желіге қосылу ЕСКЕРІМ: Интернетке қосылуға арналған жабдық пен бағдарламалық құрал компьютер үлгісіне жəне құрылғы орналасқан жерге байланысты əртүрлі болады. Компьютер Интернетке қосылудың келесі түрлерінің біреуін немесе екеуін де қолдауы мүмкін: ● Сымсыз байланыс — Интернетке мобильді қосылу үшін сымсыз байланысты пайдалануға болады. Бар WLAN желісіне қосылу 21-бетте немесе Жаңа WLAN желісін орнату 22-бетте бөлімін қараңыз.
Интернет провайдерін (ISP) пайдалану Интернетке қосылмас бұрын Интернет провайдерінің есептік жазбасын орнату қажет. Интернет қызметі мен модем сатып алу үшін, жергілікті Интернет провайдерімен хабарласыңыз. Интернет қызметі провайдері модем параметрлерін реттеуге, сымсыз компьютерді модемге қосу үшін желі кабелін орнатуға жəне Интернет қызметін тексеруге көмектеседі. ЕСКЕРІМ: Интернет қызметтері провайдері Интернетке кіру үшін пайдаланушы идентификаторы мен құпия сөзді береді.
Сымсыз желіге қосылу Сымсыз технология деректерді сым арқылы емес, радио толқындары арқылы тасымалдайды.
3. Пуск (Бастау) > Подключиться к (Қосылу) тармақтарын таңдаңыз. 4. Тізімнен WLAN желісін таңдаңыз. ● Желі қауіпсіз қосылмаған болса, ескерту хабары көрсетіледі. Ескерту хабарын қабылдап, қосылыстың орнатылуын аяқтау үшін Все равно подключиться (Бəрібір қосылу) параметрін таңдаңыз. ● Егер желі қауіпсіз қосылған WLAN желісі болса, сізден желінің қауіпсіздік кілтін енгізу сұралады. Кодты енгізіп, қосылысты аяқтау үшін, Подключиться (Қосылу) түймешігін басыңыз.
Сымсыз жол жоспарлағыш параметрлерін реттеу Сымсыз жергілікті желіні (WLAN) орнату туралы көмек алу үшін, жол жоспарлағыш өндірушісі немесе Интернет провайдері (ISP) берген ақпаратты қараңыз. Windows амалдық жүйесінде жаңа сымсыз желіні орнатуға көмектесетін құралдар бар.
4 HP QuickWeb Жұмысқа кірісу QuickWeb бағдарламалық құралы көптеген сүйікті амалдарыңызды қызықты əрі тартымды орындау жолын ұсынады. Компьютеріңіз QuickWeb құралы іске қосылғаннан кейін бірнеше секунд ішінде Интернетке, виджеттерге жəне байланыс бағдарламаларына жылдам кіруге дайын болады. Жай ғана компьютердегі QuickWeb түймешігін басып, Интернетті шолуды, Skype бағдарламасы арқылы хабарласуды жəне басқа да HP QuickWeb бағдарламаларымен танысуды бастаңыз.
HP QuickWeb бағдарламасын бастау ▲ HP QuickWeb бағдарламалық құралын іске қосу үшін, компьютер өшірулі немесе күту күйінде болғанда QuickWeb түймешігін басыңыз. Келесі кестеде QuickWeb түймешігінің əрекеттері түсіндіріледі. Түймешік Əрекеті QuickWeb түймешігі ● Компьютер өшірулі немесе күту күйінде болғанда, HP QuickWeb бағдарламалық құралын ашады. ● Компьютерде Microsoft Windows бағдарламасы ашық болғанда, əдепкі веб-шолғышты ашады.
5 26 Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар ● Пернетақтаны пайдалану ● Меңзегіш құрылғыларды пайдалану Бап 5 Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар
Пернетақтаны пайдалану Пернелер тіркесімдерін анықтау Жылдам перне – fn пернесінің (1) жəне esc пернесі (2), функционалдық пернелердің біреуі (3) немесе b пернесінің (4) тіркесімі. Жылдам пернені пайдалану үшін ▲ fn пернесін аз уақыт басып, жылдам пернелер тіркесімінің екінші пернесін аз уақыт басыңыз. Жылдам пернелер тіркесімі Сипаттама fn+esc Жүйе ақпаратын көрсетеді. fn+f1 Анықтама жəне қолдау орталығын ашады.
Жылдам пернелер тіркесімі fn+f5 Сипаттама Ұйқы күйін қосады, бұл ақпаратыңызды жүйелік жадқа сақтайды. Дисплей жəне басқа жүйе бөліктері сөндіріледі де, қуат үнемделеді. Ұйқы күйінен шығу үшін, қуат түймешігін аз уақыт басыңыз. ЕСКЕРТУ: Ақпарат жоғалту қауіп-қатерін азайту үшін, ұйқы күйін қоспас бұрын жұмысыңызды сақтаңыз. ЕСКЕРІМ: Егер ұйқы күйі кезінде батарея өте төмен деңгейге жетсе, компьютер күту күйіне қосылады жəне жүйелік жадта сақталған ақпарат қатты дискіге сақталады.
Енгізілген сандық пернетақтаны пайдалану Бөлік Сипаттама (1) fn пернесі num lk пернесімен бірге басылғанда, енгізілген сандық пернетақтаны қосады жəне сөндіреді. (2) Енгізілген сандық пернетақта Пернетақта іске қосылған кезде оны сыртқы сандық пернетақта сияқты пайдалануға болады. Пернетақтаның əр пернесі оның жоғары оң жақ бұрышындағы белгіше көрсететін функцияны орындайды. (3) num lk пернесі fn пернесімен бірге басылғанда, енгізілген сандық пернетақтаны қосады жəне сөндіреді.
Енгізілген сандық пернетақта пернелерінің функцияларын ауыстырып қосу Енгізілген сандық пернетақта пернелерінің функцияларын олардың стандарты пернетақта функциялары мен сандық пернетақта функцияларының арасында ауыстырып қосуға болады. ● Сандық пернетақта өшірулі кезде оның пернесінің сандық функциясын пайдалану үшін, пернетақта пернесін басқан кезде fn пернесін басып ұстап тұрыңыз.
Сенсорлы тақтаны өшіру жəне қосу Сенсорлы тақтаны өшіру жəне қосу үшін, сенсорлы тақтаны қосу/өшіру түймешігін екі рет жылдам түртіңіз. Келесі кестеде сенсорлы тақтаның көрсетілетін белгішелері көрсетіліп, сипатталған. Сенсорлы тақта шамы Элемент Сипаттама Сары: сенсорлы тақтаның өшірілгенін көрсетеді. Өшірулі: сенсорлы тақтаның қосылғанын көрсетеді.
Шарлау Меңзерді басқа жерге жылжыту үшін, саусағыңызды сенсорлы тақта беті арқылы қалаған бағытқа жылжытыңыз. Таңдау Сенсорлы тақтаның сол жəне оң жақ түймешіктері сыртқы тінтуірдің сəйкес түймешіктері сияқты пайдаланылады.
Сенсорлы тақта іс-қимылдарын пайдалану Сенсорлы тақта бірқатар қимылдарды қолдайды. Сенсорлы тақта қимылдарын пайдалану үшін сенсорлы тақтаға екі саусақты бір уақытта орналастырыңыз. ЕСКЕРІМ: бермейді. Сенсорлы тақта қимылдарына бағдарламалардың барлығында қолдау көрсетіле Қимылдың көрсетілімін көру үшін 1. Тапсырмалар тақтасының оң жағындағы хабарландыру аймағының шегінде орналасқан Отображать скрытые значки (Жасырын белгішелерді көрсету) белгішесін басыңыз. 2.
Жылжу Жылжу қимылы бетте немесе суретте жоғары, төмен қарай немесе көлденең жылжу кезінде қажет əрекет. Жылжыту үшін екі саусақты сенсорлы тақтаның үстіне бөлек қойып, оларды сенсорлы тақта арқылы жоғары, төмен, сол немесе оң жаққа қарай апарыңыз. ЕСКЕРІМ: Жылжу жылдамдығы саусақ жылдамдығы арқылы басқарылады. Шымшу/Масштабтау Шымшу суреттерді немесе мəтінді үлкейтуге не кішірейтуге мүмкіндік береді. ● 34 Үлкейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақтаға бірге қойып, олардың арасын ашыңыз.
● Кішірейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақтаға арасын алшақ қойып, одан кейін олардың арасын жақындатыңыз.
6 Күтім ● Батареяны салу жəне шығарып алу ● Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту ● Жад модулін қосу немесе ауыстыру ● Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту ● SoftPaq Download Manager құралын пайдалану ● Компьютерді тазалау Батареяны салу жəне шығарып алу ЕСКЕРІМ: Батарея пайдалану туралы қосымша ақпаратты HP ноутбугінің анықтамалық нұсқаулығынан қараңыз. Батареяны салу үшін: 1.
2. Батареяны оның орнына орналастыру үшін, батареяны босатуға арналған оң жақтағы ысырманы (3), одан кейін батареяны босатуға арналған сол жақтағы ысырманы (4) сырғытыңыз. 3. Батарея қақпағындағы кетіктерді (1) компьютердегі ілгектермен туралап, батарея қақпағын (2) жабу үшін оны басыңыз. Батарея қақпағы оның орнына автоматты түрде орналастырылады.
Батареяны шығарып алу үшін ЕСКЕРТУ: Компьютердің жалғыз қуат көзі болып табылатын батареяны шығарып алу ақпараттың жоғалуын тудыруы мүмкін. Ақпараттың жоғалмауын қамтамасыз ету үшін, батареяны шығарып алмастан бұрын, күту күйін қосыңыз немесе компьютерді Windows жүйесі арқылы өшіріп тастаңыз. 38 1. Батарея қақпағын босату ысырмасын (1) сырғытып, батарея қақпағын (2) жоғары қарай тартыңыз. Батарея қақпағын (3) алыңыз. 2.
3. Батарея кесіндісін (3) тартып, батареяны (4) компьютерден шығарып алыңыз.
Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін. Қатты дискіні қатты диск ұясынан шығармастан бұрын, компьютерді өшіріңіз. Компьютер қосулы тұрғанда, ұйқы немесе күту күйінде болғанда, қатты дискіні шығарып алмаңыз. Егер компьютер сөндірулі немесе күту күйінде екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз. Қатты дискіні шығарып алу 40 1.
7. Қатты дискіні (3) көтеріп, оны (4) қатты диск ұясынан тартып шығарыңыз. Қатты дискіні орнату 1. Қатты дискіні (1) оның ұясына бұрышта енгізіп, оны (2) орнына салыңыз.
42 2. Қатты диск орнына түскенше оның құлақшасын (3) оң жаққа тартаңыз. Қатты дискіні бекіту үшін оның 3 бұрандасын (4) бұрап қатайтыңыз. 3. Қатты диск қақпағындағы (1) ілгектерді компьютердегі кетіктерге туралаңыз. 4. Қатты диск қақпағын (2) жабыңыз жəне 3 бұранданы (3) бұрап қатайтыңыз. 5. Батареяның қақпағын жəне батареяның өзін орындарына салыңыз. (Батареяны салу жəне шығарып алу 36-бетте бөлімін қараңыз). 6.
Жад модулін қосу немесе ауыстыру Компьютерде екі жад модулінің ұясы бар. Бос болған ұяға жад модулін қосу немесе бастапқы ұядағы жад модулін жаңарту арқылы компьютердің жад көлемін арттыруға болады. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток ұру немесе жабдықтың зақымдалу қатерін азайту үшін, қуат сымын ажыратып, жад модулін орнатпас бұрын, барлық батареяларды шығарып алыңыз. ЕСКЕРТУ: Электростатикалық ток соғу (ESD) электроникалық бөліктерді зақымдауы мүмкін.
ə. Жад модулінің шеттерінен ұстап (2), оны ұясынан ақырын сыртқа шығарыңыз. ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз. Шығарғаннан кейін жад модулін қорғау үшін, оны электростатикалық ток өтпейтін контейнерге салыңыз. 7. Жаңа жад модулін енгізу үшін ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз. 44 а.
б. Ұстап тұратын қысқыштар бекітілгенше, жад модулінің сол жəне оң жақ шеттерін қысып, жад модулін (3) басыңыз. ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақым алуын болдырмау үшін, оны бүкпеңіз. 8. Қатты диск қақпағын орнына салыңыз. (Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту 40-бетте бөлімін қараңыз). 9. Батареяның өзін жəне батареяның қақпағын орындарына салыңыз. (Батареяны салу жəне шығарып алу 36-бетте бөлімін қараңыз). 10. Компьютерді жоғары қаратып, айнымалы ток қуатын жəне сыртқы құрылғыларды оған қайта қосыңыз. 11.
SoftPaq Download Manager құралын пайдалану HP SoftPaq Download Manager (SDM) құралы НР бизнес компьютерлері үшін SoftPaq ақпаратын SoftPaq нөмірін енгізбестен жылдам ашуға мүмкіндік береді. Бұл құралды пайдалану арқылы SoftPaq файлдарын оңай тауып, оларды жүктеп ашуға болады. SoftPaq Download Manager құралы HP FTP веб-торабында орналасқан компьютер үлгісі мен SoftPaq ақпараты бар дерекқор файлын оқып, оны жүктейді.
жүктеу үрдісінің ұзақтығы таңдалған SoftPaq файлдарына жəне Интернет қосылысының жылдамдығына байланысты. Егер сіз бір немесе екі SoftPaq файлын жүктеп алғыңыз келсе жəне сіз жоғары жылдамдықты Интернет қосылысын пайдалансаңыз, Загрузить и распаковать (Жүктеп алу жəне ашу) пəрменін таңдаңыз. 6. Таңдалған SoftPaq файлдарын компьютерге орнату үшін, SoftPaq Download Manager құралында Установить SoftPaq файл (SoftPaq файлын орнату) пəрменін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басыңыз.
Тазалау іс реті Осы нұсқаулықта берілген нұсқауларды компьютерді қауіпсіз тазалау үшін орындаңыз. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток ұру немесе жабдықтың зақымдалуын болдырмау үшін, токқа қосулы компьютерді тазаламаңыз: Компьютерді өшіріңіз. Сыртқы қуат көзінен ажыратыңыз. Токқа қосылатын сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз. ЕСКЕРТУ: Компьютер бетіне тазарту заттары немесе сұйықтықтарын тікелей шашпаңыз. Бетіне түскен сұйықтықтар ішкі бөліктердің зақым алуына əкелуі мүмкін.
7 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру Windows 7 ● Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау ● Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру Ақпаратыңызды қорғауға жеке файлдар мен қалталардың немесе бүкіл қатты дисктің (тек таңдаулы үлгілерде) сақтық көшірмелерін жасау, жүйені қалпына келтіру дискілерін (тек таңдаулы үлгілерде) қосымша сыртқы оптикалық диск жетегі арқылы жасау немесе жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасау үшін Windows жүйесінің сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру мүмкіндігін пайдаланыңы
ЕСКЕРІМ: Windows жүйесінде компьютердің қауіпсіздігін жақсартуға арналған пайдаланушы жазбасын басқару мүмкіндігі бар. Бағдарламалық құралды орнату, утилиталарды іске қосу немесе Windows параметрлерін өзгерту сияқты тапсырмаларды орындау үшін сізден рұқсат немесе құпия сөз сұралуы мүмкін. Қосымша мəлімет алу үшін «Справка и поддержка» (Анықтама жəне қолдау) тармағын қараңыз.
ЕСКЕРІМ: Сақтық көшірме жасау үрдісіне файл өлшеміне жəне компьютердің жазу жылдамдығына байланысты бір сағаттай уақыт қажет болуы мүмкін. 1. Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар)> Обслуживание (Қызмет көрсету) > Архивация и восстановление (Сақтық көшірмесін жасау жəне қалпына келтіру) тармақтарын таңдаңыз. 2.
Windows жүйесінің қалпына келтіру құралдарын пайдалану Сақтық көшірмесі бұрын жасалған ақпаратты қалпына келтіру үшін 1. Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар)> Обслуживание (Қызмет көрсету) > Архивация и восстановление (Сақтық көшірмесін жасау жəне қалпына келтіру) тармақтарын таңдаңыз. 2. Жүйе параметрлері, компьютеріңізді (тек таңдаулы үлгілерде) немесе файлдарыңызды қалпына келтіру үшін, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Бастапқы қатты диск кескінін f11 пернесін басу арқылы қалпына келтіру үшін, мына əрекеттер орындаңыз: 1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз. 2. Мүмкіндігінше, HP Recovery бөлімінің бар екенін тексеріңіз: Пуск (Бастау) түймешігін басып, Компьютер тармағын тінтуірдің оң жақ түймешігімен басыңыз да, Управление (Басқару) пəрменін, одан кейін Управление дисками (Дисктерді басқару) тармағын таңдаңыз.
Қалпына келтіру үрдісі аяқталғаннан кейін мына əрекеттер орындаңыз: 54 1. Windows 7 амалдық жүйесі DVD дискісін шығарып алып, «Драйверді қалпына келтіру» дискісін салыңыз. 2. Алдымен, аппараттық құралдарды іске қосатын драйверлерді, одан кейін ұсынылған бағдарламаларды орнатыңыз.
Windows Vista Ақпаратыңызды қорғауға сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру орталығын жеке файлдар мен қалталардың не бүкіл қатты дисктің (тек таңдаулы үлгілерде) сақтық көшірмелерін жасау немесе жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасау үшін пайдаланыңыз. Жүйе ақаулығы жағдайында, сақтық көшірме файлдарын компьютер мазмұнын қалпына келтіру үшін пайдалануға болады.
● Дискілерге сақтық көшірме жасаған кезде, дискілердің (бөлек сатып алынады) мына түрлерінің кез келгенін қолданыңыз: CD-R, CD-RW, DVD+R, DVD+R DL, DVD-R, DVD-R DL немесе DVD±RW. Пайдаланылатын дискілер түрі компьютерде орнатылған оптикалық диск салғыштың түріне байланысты болады. ЕСКЕРІМ: Ықшам дискілерге қарағанда, DVD дискілері мен қос қабатты DVD дискілеріне көбірек ақпарат сыятындықтан, сақтық көшірме жасау кезінде, оларды пайдалану дискілер санын азайту үшін пайдаланады.
Windows жүйесінің қалпына келтіру құралдарын пайдалану Сақтық көшірмесі бұрын жасалған ақпаратты қалпына келтіру үшін 1. Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар)> Обслуживание (Қызмет көрсету) > Центр архивации и восстановления (Сақтық көшірмесін жасау жəне қалпына келтіру орталығы) тармақтарын таңдаңыз. 2. Бүкіл компьютеріңізді (тек таңдаулы үлгілерде) немесе файлдарыңызды қалпына келтіру үшін, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Бастапқы қатты диск кескінін f11 пернесін басу арқылы қалпына келтіру үшін, мына əрекеттерді орындаңыз: 1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз. 2. Мүмкіндігінше, HP Recovery бөлімінің бар екенін тексеріңіз. Бөлімді табу үшін, Пуск (Бастау) > Компьютер пəрменін таңдаңыз.
8 Тұтынушыларды қолдау ● Тұтынушыларға қолдау көрсету қызметімен байланысу ● Жапсырмалар 59
Тұтынушыларға қолдау көрсету қызметімен байланысу Осы пайдаланушы нұсқаулығындағы HP ноутбугының анықтамалық нұсқаулығы немесе Анықтама жəне қолдау бөлімдеріндегі ақпарат сұрақтарыңызға жауап бермесе, HP тұтынушыларды қолдау орталығына келесі телефондар арқылы хабарласуға болады: http://www.hp.com/go/contactHP ЕСКЕРІМ: Бүкіл əлем бойынша қолдау алу үшін беттің сол жағындағы Contact HP worldwide (HP компаниясымен бүкіл əлем бойынша хабарласу) тармағын таңдаңыз немесе http://welcome.hp.
Жапсырмалар Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютермен шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін: ● Сериялық нөмір жапсырмасы — мыналарды қоса маңызды ақпаратты қамтиды: Бөлік (1) Өнім атауы (2) Сериялық нөмірі (с/н) (3) Бөлік нөмірі/өнім нөмірі (p/n) (4) Кепілдік күшінің мерзімі (5) Модель сипаттамасы Техникалық қолдау орталығына хабарласқан кезде осы ақпарат қол жетімді болуы қажет. Сериялық нөмірі бар жапсырма батарея ұясында орналасады.
9 62 Техникалық сипаттамасы ● Тұтынылатын қуат ● Жұмыс ортасы Бап 9 Техникалық сипаттамасы
Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек. Компьютер бөлек тұрақты ток көзінен жұмыс жасаса да, ол тек НР компаниясы берген жəне осы компьютерге қолдану үшін ұсынған айнымалы ток адаптері немесе тұрақты ток көзіне қосылуы керек.
Жұмыс ортасы Фактор Метрикалық өлшемдер жүйесі АҚШ-та пайдаланылатын өлшемдер жүйесі Пайдалануға болатын (оптикалық дискіге жазу кезінде) 5 - 35°C 41 - 95°F Жұмыссыз режимде -20 мен 60°C арасында -4 пен 140°F арасында Температура Салыстырмалы ылғалдылық (конденсанцияланбайтын) Пайдалануға болатын 10 - 90% 10 - 90% Жұмыссыз режимде 5 - 95% арасында 5 - 95% арасында Пайдалануға болатын -15 м мен 3048 м арасында -50 фут пен 10000 фут арасында Жұмыссыз режимде -15 м мен 12192 м арасында -50
Индекс А амалдық жүйе Microsoft түпнұсқалық туралы куəлігінің жапсырмасы 61 Өнім кілті 61 аудио кіріс (микрофон) ұясы, анықтау 13 аудио шығыс (құлаққап) ұясы, анықтау 13 Ə əрекет пернелері, анықтау 28 Б батарея, ауыстыру 36 батарея қақпағы, анықтау 17 батарея қақпағын босату ысырмасы 17 батарея ұясы 61 батарея шамы 14 бөліктер алдыңғы жағы 12 астыңғы 17 дисплей 16 жоғарыдан қарағандағы көрінісі 7 оң жағы 13 сол жағы 15 В веб-камера 16 веб-камера, анықтау 16 веб-камера шамы, анықтау 16 Е енгізілген сандық п
қатты дискінің қалпына келтірілуі 52, 57 қауіпсіздік кабелінің ұясы, анықтау 15 қуат коннекторы, анықтау 14 қуат түймешігі, анықтау 10 қуат шамдары 8, 12 құлаққап (аудио шығыс) ұясы 13 М Медиа картаны оқу құрылғысы, анықтау 15 меңзегіш құрылғылар, орнатудың таңдаулы параметрлері 30 микрофон (аудио кіріс) ұясы, анықтау 13 Ө өнім аты жəне нөмірі, компьютер 61 Өнім кілті 61 П пернелер esc 11 fn 11 Windows қолданбалары 11 Windows логотипі 11 функционалдық 11 пернетақта анықтау 29 енгізілген сандық 11 пернетақта
F f11 қалпына келтіру 52, 57 fn пернесі, анықтау 11, 27 H HDMI порты, анықтау 15 M Microsoft түпнұсқалық туралы куəлігінің жапсырмасы 61 N num lk пернесі, анықтау 29 R RJ-45 (желі) ұясы, анықтау 13 S SIM карта ұясы, анықтау 18 SoftPaq файлдары, жүктеу 46 U USB порттары, анықтау 13, 15 W Windows 7 амалдық жүйесі DVD дискісі 53 Windows Vista амалдық жүйесі DVD дискісі 58 Windows жүйесінің сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру 49 Windows қолданбалар пернесі, анықтау 11 Windows логотипі бар перне, анықтау 1