Пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2020 HP Development Company, L.P. FreeSync — Advanced Micro Devices, Inc. компаниясының сауда белгісі; HDMI, HDMI логотипі және High-Definition Multimedia Interface — HDMI Licensing LLC компаниясының сауда белгілері немесе тіркелген сауда белгілері. Windows — АҚШ және/немесе басқа елдердегі Microsoft корпорациясының тіркелген сауда белгісі немесе сауда белгісі.
Осы нұсқаулық туралы Бұл нұсқаулықта техникалық сипаттамалар және монитор мүмкіндіктері, мониторды орнату және бағдарламалық құралды пайдалану туралы ақпарат берілген. Моделіне қарай осы нұсқаулықта қамтылған монитордың кейбір мүмкіндіктері болмауы мүмкін. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Алды алынбаса, ауыр жарақатқа немесе өлім жағдайларына себеп болуы мүмкін болатын қауіпті жағдайды көрсетеді. ЕСКЕРТУ: Алды алынбаса, өлім жеңіл немесе орташа жарақатқа себеп болуы мүмкін болған қауіпті жағдайды көрсетеді.
iv Осы нұсқаулық туралы
Maзмұны 1 Іске кірісу ..................................................................................................................................................... 1 Қауіпсіздік туралы маңызды ақпарат ............................................................................................................... 1 Өнім мүмкіндіктері мен құрамдастары .............................................................................................................. 2 Ерекшеліктер ...........................
Мониторды тасымалдау ................................................................................................................. 20 қосымшасы а Техникалық сипаттар ............................................................................................................. 21 70,9 см (27,9 дюйм) модель сипаттамалары .................................................................................................. 21 Алдын-ала орнатылған дисплей ажыратымдылықтары .......................................
1 Іске кірісу Қауіпсіздік туралы маңызды ақпарат Монитормен бірге қуат сымы берілген. Егер басқа сым пайдаланылса, осы мониторға сәйкес келетін қуат көзі мен қосылымды ғана пайдаланыңыз. Монитормен пайдаланылатын тиісті қуат сымы жинағы туралы ақпаратты құжаттама жинағындағы Өнім ескертулері бөлімінен қараңыз. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Электр тогының соғу немесе жабдықты зақымдау қаупін азайту үшін: ● Қуат сымын барлық кезде оңай қол жететін айнымалы ток розеткасына жалғаңыз.
Өнім мүмкіндіктері мен құрамдастары Ерекшеліктер Монитор келесі мүмкіндіктерге ие: ● 3840 × 2160 ажыратымдылығына ие, диагоналі 70,9 см (27,9 дюйм) көрінетін экран аумағы, сонымен қатар төмен ажыратымдылықтар үшін толық экран қолдауы; бастапқы арақатынасын сақтай отырып, ең жоғары кескін өлшемі үшін өзгермелі масштабтау мүмкіндігін қамтиды ● Белсенді матрицалы сұйық кристалды дисплей (СКД) ● Ақ жарықты жарық диоды бар жарқылсыз панель ● Отырып не тұрып немесе бір тараптан екінші тарапқа жүріп көруге
Алдыңғы бөліктер Кесте 1-1 Алдыңғы бөліктер және олардың сипаттамалары Құрамдас бөлшегі Сипаттама (1) Меню (Мәзір) түймесі Экрандық мәзірді ашу, одан мәзір тармағын таңдау немесе оны жабу үшін басыңыз. Экрандық дисплей мәзірі ашық болғанда, Меню (Мәзір) шамы жанады. (2) Экрандық дисплей түймелері Экрандық дисплей мәзірі ашық болса, мәзір арқылы өту үшін, түймелерді басыңыз. Функция шамының белгішелері әдепкі түйме функцияларын көрсетеді.
Артқы құрамдас бөлшектер Кесте 1-2 Артқы құрамдас бөлшектер және олардың сипаттамалары Құрамдас бөлшегі Сипаттама (1) Қуат қосқышы Қуат сымын қосады. (2) VESA босату түймесі Тұғырды монитордан босатады. (3) HDMI порттары (2) HDMI кабелін компьютер немесе ойын консолі сияқты бастапқы құрылғыға жалғайды. (4) DisplayPort қосқышы DisplayPort кабелін компьютер немесе ойын консолі сияқты негізгі көз құрылғысына жалғайды. (5) Aудио шығыс (құлақаспап) ұясы Құлақаспаптарды мониторға жалғайды.
Мониторды орнату АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Адамға қатты жарақат келтіру қатерін азайту үшін, Қауіпсіз және қолайлы жұмыс жасау нұсқаулығын оқыңыз. Мұнда компьютер пайдаланушылары үшін жұмыс орнын реттеу және дұрыс ұйымдастыру жолдары, денсаулық сақтау шаралары және компьютермен жұмыс істеу ережелері сипатталады. Бұл Қауіпсіз және қолайлы жұмыс істеу нұсқаулығында маңызды электр және механикалық жабдықтармен жұмыс істегенде қадағаланатын қауіпсіздік ережелері де беріледі.
Монитор басын бекіту Монитор басын қабырғаға, бұралмалы ілгішке немесе басқа орнату құрылғысына бекітуге болады. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Бұл монитор VESA өнеркәсіптік стандартына сәйкес 100 мм орнату тесіктеріне қолдау көрсетеді. Үшінші тарап бекіту құралын монитордың жоғарғы жағына тіркеу үшін ұзындығы 4 мм, 0,7 қадамды және 10 мм төрт бұранданы пайдаланыңыз. Ұзындау бұрандалар мониторды зақымдауы мүмкін.
Монитор басын бекіту құрылғысына тіркеу 1. Монитордың артындағы VESA саңылауларынан төрт бұранданы алып тастаңыз. 2. Монитор басын тербелмелі тетікке немесе басқа орнату құрылғысына тіркеу үшін орнату құрылғысындағы тесіктер арқылы төрт орнату бұрандасын өткізіп, монитор басының артындағы VESA бұранда тесіктеріне кіргізіңіз. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Бұл нұсқаулар құрылғыңызға қолданылмайтын болса, мониторды қабырғаға немесе тербелмелі тетікке орнату кезінде, құрылғы өндірушісінің орнату нұсқауларын орындаңыз.
Кабельдерді қосу Мониторы HDMI және DisplayPort кірістері қолдайды. Бейне режимі пайдаланылатын бейне кабелі арқылы анықталады. Монитор қай кірістерде жарамды бейне сигналдары бар екенін автоматты түрде анықтайды. Кірістерді экрандық дисплей мәзірі арқылы таңдауға болады. Монитор таңдаулы кабельдермен жеткізіледі. Бұл бөлімде көрсетілген кабельдердің кейбіреуі монитор жинағына кірмейді. 1. Мониторды компьютер жанындағы ыңғайлы, жақсы желдетілетін жерге қойыңыз. 2. Бейне кабелін жалғаңыз.
3. Қуат сымының бір ұшын монитордың артқы жағындағы қуат қосқышына және екінші ұшын жерге қосылған айнымалы ток розеткасына жалғаңыз. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Электр тогының соғу немесе жабдықты зақымдау қаупін азайту үшін: Қуат сымының жерге тұйықтау ашасын ажыратпаңыз. Жерге тұйықтау ашасы - өте маңызды қауіпсіздік бөлшегі. Қуат сымының ашасын барлық уақытта оңай қол жетімді жерге қосылған айнымалы ток розеткасына қосыңыз. Жабдықтың қуатын қуат сымының ашасын айнымалы токтан суыру арқылы өшіріңіз.
Мониторды реттеу АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Адамға қатты жарақат келтіру қатерін азайту үшін, Қауіпсіз және қолайлы жұмыс жасау нұсқаулығын оқыңыз. Мұнда компьютер пайдаланушылары үшін жұмыс орнын реттеу және дұрыс ұйымдастыру жолдары, денсаулық сақтау шаралары және компьютермен жұмыс істеу ережелері сипатталады. Бұл Қауіпсіз және қолайлы жұмыс істеу нұсқаулығында маңызды электр және механикалық жабдықтармен жұмыс істегенде қадағаланатын қауіпсіздік ережелері де беріледі.
Мониторды қосу МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Бір қозғалыссыз бейнені 12 сағат немесе одан көп уақыт бойы көрсететін мониторларда қалдық кескін пайда болуы мүмкін. Қалдық кескіннің зақымдалуын болдырмау үшін, экранды сақтау бағдарламасын әрқашан іске қосу немесе егер ұзақ уақыт қолданылмаса, мониторды өшіріп қою керек. Қалдық кескін барлық СКД экрандарда орын алуы мүмкін жағдай. Монитордағы күю себебінен орын алған зақымы кепілдікте қамтылмаған.
2 Мониторды пайдалану Бағдарламалық жасақтама мен утилиталарды жүктеп алу Төмендегі файлдарды http://www.hp.com/support сілтемесінен жүктеп алуға және орнатуға болады. ● INF (Ақпарат) файлы ● ICM (Сурет түстерін сәйкестеу) файлдары Файлдарды жүктеп алу үшін: 1. http://www.hp.com/support сілтемесіне өтіңіз. 2. ПО и драйверы (Бағдарламалық құрал мен драйверлерді жүктеп алу) қойыншасын таңдаңыз. 3. Өнім түрін таңдаңыз. 4.
Экрандық мәзірді пайдалану Экрандағы кескінді көру параметрлері бойынша реттеу үшін экрандық мәзірді пайдаланыңыз. Экрандық дисплей мәзірінде реттеулерге кіру және жасау үшін: ● Монитор алдыңғы панелінің астыңғы жағындағы түймелерді пайдаланыңыз, Экрандық дисплей мәзіріне кіру және реттеулер жасау үшін: 1. Егер монитор әлі қосылмаған болса, оны қосу үшін қуат түймесін басыңыз. 2. Меню (Мәзір) түймесін басыңыз. 3.
Функция түймелерін пайдалану Түймелерді қосу үшін және олардың үстінен белгілері жануы үшін, функция түймелерінің кез келгенін басыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Функция түймелерінің әрекеттері монитор модельдері арасында әртүрлі болады. Түймелердің функциясын өзгерту туралы ақпаратты Функция түймелерін қайта тағайындау (14-бет) бөлімінен қараңыз.
Aвто ұйқы режимін қолдану Монитор Автоматический спящий режим (Aвто ұйқы режимі) деп аталатын экрандық дисплей мәзірі опциясын қолдайды, ол арқылы монитордың қуат күйін азайту функциясын қосуға немесе өшіруге болады. Auto-Sleep Mode (Авто ұйқы режимі) қосылып тұрса (әдепкі күйі бойынша), монитор компьютер төмен қуат сигналын бергенде (көлденең немесе тік синхронды сигналдың болмауы), қуат үнемдеу күйіне енеді.
3 Қолдау және ақаулықтарды жою Жиі кездесетін ақауларды шешу Келесі кестеде болуы мүмкін ақаулар, әрбір ақаудың ықтимал себебі және ақауды жою үшін ұсынылатын әдістер көрсетілген. Кесте 3-1 Жалпы ақаулар мен шешімдер Мәселелер Ықтимал себеп Шешімі Экран бос немесе бейне жыпылықтайды. Қуат сымы ажыратылған. Қуат сымын қосыңыз. Монитор өшірулі. Монитордың қуат сымын басыңыз.
Кесте 3-1 Жалпы ақаулар мен шешімдер (жалғасы) Мәселелер Ықтимал себеп Шешімі «Кнопка питания заблокирована» (Қуат түймесін блоктау) хабары көрсетіледі. Монитордың қуат түймесін блоктау мүмкіндігі іске қосылады. Қуат түймесінің құлпын ашу үшін Қуат түймесін 10 секунд бойы басып тұрыңыз. Монитордың экрандық дисплейінде FreeSync іске қосылды, бірақ жаңарту жиілігі өзгермеді. Әртүрлі жаңарту жиілігі (VRR) графикалық карта бағдарламасында өшірулі мүмкін.
Техникалық қолдау қызметіне қоңырау шалу алдындағы дайындық Егер осы бөлімдегі ақауларды жою жөніндегі кеңестердің көмегімен ақауды жоя алмасаңыз, техникалық қолдау қызметіне қоңырау шалу қажет болуы мүмкін.
4 Мониторға техникалық қызмет көрсету Техникалық қызмет көрсету нұсқаулары Монитордың жұмысын жақсарту және оның жұмыс істеу мерзімін ұзарту үшін: ● Монитордың корпусын ашпаңыз немесе оны өзіңіз жөндеуге әрекет жасамаңыз. Пайдалану жөніндегі нұсқауларда көрсетілген басқару элементтерін ғана реттеңіз. Егер монитор дұрыс жұмыс істемесе, құлап түссе немесе зақымдалса, өкілетті HP дилеріне, сатушыға немесе қызмет көрсетушіге хабарласыңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Шүберекке тазалағыш затты сеуіп, экран бетін ылғал шүберекпен жайлап сүртіңіз. Тазалағыш затты ешқашан тікелей экран бетіне сеппеңіз. Ол жақтаудың артына өтіп, электрониканы зақымдауы мүмкін. Мата ылғал болуы, бірақ қатты сулы болмауы керек. Желдеткіш саңылауларынан немесе басқа тесіктерден су кірсе, мониторға зақым келуі мүмкін. Мониторды пайдаланудан бұрын, құрғақ ауада кептіріңіз. Мониторды тасымалдау Бастапқы қорапты қойма аймағында сақтап қойыңыз.
а Техникалық сипаттар ЕСКЕРТПЕ: Барлық техникалық сипаттамалар HP құрамдастар өндірушілері берген әдеттегі техникалық сипаттамалар болып табылады; нақты өнімділік жоғарырақ немесе төменірек болуы мүмкін. Бұл өнімнің соңғы немесе қосымша техникалық сипаттамаларын көру үшін http://www.hp.com/go/ quickspecs/ сілтемесіне кіріп, мониторға тән QuickSpecs табу үшін, арнайы дисплей үлгісін іздеңіз.
Алдын-ала орнатылған дисплей ажыратымдылықтары Төмендегі дисплей ажыратымдылықтары өте жиі пайдаланылатын режимдер болып, зауыттық әдепкі мәні ретінде орнатылады. Монитор алдын-ала орнатылған режимдерді автоматты түрде таниды және оларда кескін дұрыс өлшемде және экран ортасында көрсетіледі.
Қуатты үнемдеу мүмкіндігі Монитор шектеулі қуат күйіне қолдау көрсетеді. Монитор көлденеңінен синхрондау сигналының немесе тігінен синхрондау сигналының жоқ екендігін анықтаса, қуат үнемдеу күйі іске қосылады. Осы сигналдардың жоғы анықталғанда, монитор экраны бос болып, артқы жарығы өшіріледі және қуат шамы күңгірт сары түске айналады. Монитор шектеулі қуат күйінде болған кезде ол 0,5 ваттан кем қуатты пайдаланады. Монитор қалыпты жұмыс күйіне оралмас бұрын қысқа жылыту кезеңі орын алады.
ә Арнайы мүмкіндіктер HP және арнайы мүмкіндіктер HP алуан түрлілікті, қатыстыруды және жұмысты/өмірді компанияның құрылымына енгізу бойынша жұмыс істеуде, сондықтан бұл компанияның әрбір әрекетінде көрінеді. HP компаниясы адамдарды дүние жүзіндегі технология қуатына қосуға негізделген инклюзивті ортаны жасауға тырысады. Арнайы мүмкіндіктерге арналған қажетті құралдарды табу Технологиялар адам әлеуетін жүзеге асыра алады.
Халықаралық арнайы мүмкіндіктер жөніндегі білікті мамандар бірлестігі (IAAP) IAAP — желі, білім беру және куәландыру арқылы арнайы мүмкіндіктер жөніндегі мамандықты жетілдіруге негізделген коммерциялық емес бірлестік. Мақсаты – арнайы мүмкіндіктер жөніндегі білікті мамандарға мансаптарын жетілдіруге және дамытуға, сондай-ақ ұйымдарға арнайы мүмкіндіктерді өнімдері мен инфрақұрылымына жақсырақ ендіруге көмектесу.
● HP SlateBook компьютерлері – Арнайы мүмкіндіктерді қосу (Android 4.3, 4.2/Jelly Bean) ● HP Chromebook компьютерлері – HP Chromebook немесе Chromebox (Chrome OS) құрылғысында арнайы мүмкіндіктерді қосу ● HP Shopping – HP өнімдеріне арналған перифериялық құрылғылар HP өніміңіздегі арнайы мүмкіндіктер туралы қосымша қолдау қажет болса, ақпаратты Қолдау қызметіне хабарласу (28-бет) бөлімінен қараңыз.
● Түсіндіру (мысалы, суреттерге мәтін баламаларын, дыбыстарға жазуларды, көрмелерге бейнелеуді және түсті контрастты қолдану арқылы) ● Жұмысқа бейімдеу (пернетақтаға қолжетімділікті, түс контастын, енгізу уақытын, бас тартуды және жылжу мүмкіндігін игеруді реттеу арқылы) ● Түсінікті (оқу, болжау және енгізу көмекші құралдарын реттеу арқылы) ● Тұрақты (мысалы, көмекші технологиялармен үйлесімділікті реттеу арқылы) Заңдар мен ережелер Ақпараттық технологияларға және ақпаратқа қолжетімділік заңды маңыз
Білім беру институттары ● Калифорния мемлекеттік университеті, Нортридж, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың орталығы (CSUN) ● Висконсин - Мэдисон университеті, салдарды іздеу орталығы ● Компьютерге бейімделу бағдарламасы бойынша Миннесота университеті Шектеулі мүмкіндіктер туралы басқа да ресурстар ● ADA (АҚШ-тағы мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың құқықтарын қорғау туралы заң) техникалық көмекші бағдарлама ● Халықаралық еңбек ұйымының Кәсіпкерлік пен мүгедектік мәселелері бойынша жаһандық желісі