User's Guide

Дисплей
ЕСКЕРТПЕ: Компьютерге ұқсас суретті қараңыз.
Бөлік Сипаттама
(1) WLAN антенналары* (моделіне байланысты 1
немесе 2)
Сымсыз жергілікті желілермен (WLAN) байланыста болу үшін
сымсыз байланыс сигналдарын жібереді және қабылдайды.
(2) Камера шамы Қосулы: камера пайдаланылуда.
(3) Камера Бейнечат жүргізу, бейне жазу және фотосуреттерді жазу
мүмкіндігін береді. Камераны пайдалану үшін Камераны
пайдалану (22-бет) бөлімін қараңыз. Кейбір камераларда
құпия сөз орнына бет әлпетін тануды пайдаланып Windows
амалдық жүйесіне кіруге мүмкіндік береді. Қосымша ақпаратты
Windows Hello мүмкіндігін пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде)
(43-бет) бөлімінен қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Камера функциялары камераның аппараттық
құралына және өнімде орнатылған бағдарламалық құралға
байланысты өзгеше болуы мүмкін.
(4) Iшкі микрофон Дыбысты жазады.
*Бұл антенналар компьютердің сыртынан көрінбейді. Жақсы таратылым үшін антенналардың айналасындағы аймақтарды
тез арада кедергілерден тазалаңыз.
Сымсыз байланыс ережелері туралы ескертпелерді көру үшін мемлекетіңізде немесе аймағыңызда қолданылатын Заңдық,
қауіпсіздік және экологиялық ескертпелер бөлімін қараңыз.
Бұл нұсқаулықты пайдалану үшін:
Пуск (Бастау) түймесін басып, Справка и поддержка НР (НР анықтамасы және қолдау), одан кейін Документация НР (НР
құжаттары) тармақтарын таңдаңыз.
Дисплей 9