User's Guide
Дисплей
Бөлік Сипаттама
(1) Ішкі микрофондар (2) Дыбыс жазады.
(2) Камера Чатты түсіру, бейнені жазу және фотосуреттерді жазу мүмкіндігін
береді. Камераны пайдалану үшін Камераны пайдалану
(21-бет) бөлімін қараңыз. Кейбір камераларда құпия сөз орнына
бет әлпетін тануды пайдаланып Windows амалдық жүйесіне
кіруге мүмкіндік береді. Қосымша ақпаратты Windows Hello
мүмкіндігін пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) (43-бет)
бөлімінен қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Камера функциялары камераның аппараттық
құралына және өнімде орнатылған бағдарламалық құралға
байланысты өзгеше болуы мүмкін.
(3) Камера шамы Қосулы: камера пайдаланылуда.
(4) WLAN антенналары* Сымсыз жергілікті желілермен (WLAN) байланыста болу үшін
сымсыз байланыс сигналдарын жібереді және қабылдайды.
ЕСКЕРТПЕ: Үлгісіне қарай, компьютерде бір немесе екі сымсыз
байланыс антеннасы болуы мүмкін.
*Бұл антенналар компьютердің сыртынан көрінбейді. Жақсы таратылым үшін антенналардың айналасындағы аймақтарды
тез арада кедергілерден тазалаңыз.
Сымсыз байланыс ережелері туралы ескертпелерді көру үшін, мемлекетіңізде немесе аймағыңызда қолданылатын Заңдық,
қауіпсіздік және экологиялық ескертпелер бөлімін қараңыз.
Бұл нұсқаулықты пайдалану үшін:
▲ Пуск (Бастау) түймесін басып, Справка и поддержка HP (HP анықтамасы және қолдау), одан кейін Документация HP (HP
құжаттары) тармақтарын таңдаңыз.
8 2-тарау Компьютермен танысу










