User's Guide
Сол жақ
Бөлік Сипаттама
(1) USB SuperSpeed порттары (2) Ұялы телефон, камера, белсенділік трекері немесе смарт
сағат сияқты USB құрылғыларын жалғап, деректерді
жоғары жылдамдықпен беруді қамтамасыз етеді.
(2) Желдеткіш тесік Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қосады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді
салқындату үшін және қызып кетуден қорғау үшін
автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында
желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы –
қалыпты жағдай.
(3) Қуат шамы ● Қосулы: компьютер қосулы.
● Жыпылықтау: қуатты үнемдеу күйі болып табылатын
«Ұйқы күйі» компьютерде қосылған. Компьютер
дисплейдің және басқа да қажет емес құрамдас
бөліктердің қуатын өшіреді.
● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. Күту
күйі – ең аз мөлшерде қуат тұтынатын қуатты үнемдеу
күйі.
(4) Қуат түймешігі ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін
түймешікті басыңыз.
● Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін
түймешікті тез басып қалыңыз.
● Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен (тек
таңдаулы өнімдерде) шығу үшін түймешікті тез басып
қалыңыз.
● Компьютер күту күйінде болған кезде, күту күйінен
шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қуат түймешігін басып тұрғанда сақталмаған
ақпараттар жойылады.
Компьютер жауап беруді тоқтатып, өшіру процедуралары
көмектеспесе, компьютерді өшіру үшін қуат түймешігін кем
дегенде 5 секунд басып ұстап тұрыңыз.
Қуат параметрлері туралы ақпаратты қуат опцияларынан
қараңыз:
▲ Питание (Қуат) белгішесін тінтуірдің оң жақ
түймешігімен басып, Электропитание (Қуат
параметрлері) тармағын таңдаңыз.
6 2-тарау Компьютермен танысу










