User's Guide
Оң жақ
Бөлік Сипаттама
(1) Диск шамы ● Ақ түсте жыпылықтау: катты диск пайдаланылуда.
● Сары түсті (тек таңдаулы өнімдерде): HP 3D DriveGuard
қызметі қатты дискті уақытша өшіріп қояды.
ЕСКЕРТПЕ: HP 3D Drive Guard қызметі туралы ақпаратты HP
3D DriveGuard бағдарламасын (тек таңдаулы өнімдерде)
пайдалану (38-бет) бөлімінен қараңыз.
(2) Жад картасын оқу құрылғысы Ақпарат сақтауға, басқаруға, ортақ пайдалануға немесе
ашуға мүмкіндік беретін қосымша жад карталарын оқиды.
Картаны салу үшін:
1. Қосқыштарын компьютерге қаратып, картаның
жапсырма жағын жоғары қаратып ұстаңыз.
2. Картаны жад картасын оқу құрылғысына енгізіп, нық
отырғанша үстінен басыңыз.
Картаны алып тастау үшін:
▲ Картаны басып, оны жад картасын оқу құрылғысынан
алып тастаңыз.
(3) USB Type-C порты Ұялы телефон, камера, белсенділік трекері немесе смарт
сағат сияқты USB құрылғысын жалғап, деректер беруді
қамтамасыз етеді.
ЕСКЕРТПЕ: Кабельдер мен/немесе адаптерлер (бөлек
сатылады) қажет болуы мүмкін.
(4) HDMI порты Ажыратымдылығы жоғары теледидар немесе кез келген
сыйысымды сандық не аудио компоненті сияқты қосымша
видео не аудио құрылғыны, сондай-ақ жылдамдығы
жоғары HDMI құрылғысын қосады.
(5) Айнымалы ток адаптері мен батарея шамы ● Ақ: айнымалы ток адаптері қосылған, батарея
толығымен зарядтаулы емес.
● Ақ түсте жыпылықтау: айнымалы ток адаптері
ажыратылды және батарея заряды төмен батарея
деңгейіне жетті.
● Сары: айнымалы ток адаптері қосылған, батарея
зарядталуда.
● Өшірулі: Батарея зарядталмайды.
(6) Қуат қосқышы Айнымалы ток адаптеріне қосылады.
Оң жақ 5










