User's Guide
Оң жақ
Кесте 2-1 Оң жақтағы бөліктер және олардың сипаттамалары
Бөлік Сипаттама
(1) Диск индикаторы ● Ақ түсте жыпылықтау: катты диск пайдаланылуда.
● Сары: HP 3D DriveGuard қызметі қатты дискіні уақытша
өшіріп қояды.
ЕСКЕРТПЕ: HP 3D Drive Guard қызметі туралы ақпаратты HP
3D DriveGuard бағдарламасын (тек таңдаулы өнімдерде)
пайдалану (38-бет) бөлімінен қараңыз.
(2) Жад картасын оқу құрылғысы Ақпарат сақтауға, басқаруға, ортақ пайдалануға немесе
ашуға мүмкіндік беретін қосымша жад карталарын оқиды.
Картаны салу үшін:
1. Қосқыштарын компьютерге қаратып, картаның
жапсырма жағын жоғары қаратып ұстаңыз.
2. Картаны жад карталарын оқу құрылғысына енгізіп,
нық отырғанша, үстінен басыңыз.
Картаны алып тастау үшін:
▲ Картаны басып, оны жад карталарын оқу
құрылғысынан алып тастаңыз.
(3) USB Type-C порты Ұялы телефон, камера, белсенділік трекері немесе смарт
сағат сияқты USB құрылғысын жалғап, деректер беруді
қамтамасыз етеді.
ЕСКЕРТПЕ: Кабельдер мен/немесе адаптерлер (бөлек
сатылады) қажет болуы мүмкін.
(4) USB SuperSpeed порты Ұялы телефон, камера, белсенділік трекері немесе смарт
сағат сияқты USB құрылғысын жалғап, деректерді жоғары
жылдамдықпен беруді қамтамасыз етеді.
(5) HDMI порты Ажыратымдылығы жоғары теледидар немесе кез келген
сыйысымды сандық не аудио компоненті сияқты қосымша
видео не аудио құрылғыны, сондай-ақ жылдамдығы
жоғары HDMI құрылғысын қосады.
(6) Айнымалы ток адаптері мен батарея
индикаторы
● Ақ: айнымалы ток адаптері қосылған, батарея
толығымен зарядтаулы.
● Ақ түсте жыпылықтау: айнымалы ток адаптері
ажыратылды және батарея заряды төмен батарея
деңгейіне жетті.
● Сары: айнымалы ток адаптері қосылған, батарея
зарядталуда.
Оң жақ 5










