User's Guide
14 Арнайы мүмкіндіктер
HP және арнайы мүмкіндіктер
HP алуан түрлілікті, қатыстыруды және жұмысты/өмірді компанияның құрылымына енгізу бойынша
жұмыс істеуде, сондықтан бұл компанияның әрбір әрекетінде көрінеді. НР компаниясы адамдарды
дүние жүзіндегі технология қуатына қосуға негізделген инклюзивті ортаны жасауға тырысады
.
Арнайы мүмкіндіктерге арналған қажетті құралдарды табу
Технологиялар адам әлеуетін жүзеге асыра алады. Арнайы мүмкіндіктер тосқауылдарды жойып,
үйдегі, жұмыстағы және қоғамдағы дербестікті жасауға көмектеседі. Арнайы мүмкіндіктер
электрондық және ақпараттық технологияларының функциялық мүмкіндіктерін кеңейтуге, сақтауға
және жақсартуға көмектеседі. Қосымша ақпаратты Ең жақсы арнайы технологияны табу (66-бет)
бөлімінен қараңыз.
HP міндеті
HP компаниясы мүмкіндіктері шектеулі адамдардың пайдалануына арналған өнімдер мен қызметтерді
ұсынуды өз міндетіне алады. Бұл міндет компанияның алуан түрліліктің мақсаттарына қолдау
көрсетеді және технология артықшылықтарының барлық адамға қол жетімді болуын қамтамасыз
етеді.
Компанияның арнайы мүмкіндіктер тұрғысындағы мақсаты мүмкіндіктері шектеулі адамдарды қоса,
пайдаланушылардың барлығы өздігімен немесе тиісті көмекші құрылғылар көмегімен тиімді
пайдалана алатын өнімдер мен қызметтерді жасақтау, өндіру және нарыққа шығару болып табылады.
Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін Арнайы мүмкіндіктер саясатының НР компаниясының әрекеттері
бойынша нұсқау беретін негізгі жеті мақсаты бар. Барлық HP менеджерлері мен қызметкерлері өз
рөлдері мен мүмкіндіктеріне сәйкес осы мақсаттарға қолдау көрсетуі тиіс:
● НР компаниясындағы арнайы мүмкіндіктер мәселелері туралы танымалдық деңгейін көтеріп,
қызметкерлерімізге арнайы мүмкіндіктерге қатысты өнімдер мен қызметтерді жасақтау, өндіру,
нарыққа шығару және жеткізу бойынша қажетті оқу курстарын қамтамасыз ету.
● Өнімдер мен қызметтерге арналған арнайы мүмкіндіктер туралы нұсқауларды әзірлеп, осы
нұсқауларды жүзеге асыруға жауапты өнімді әзірлеуші топтарды бәсекелестікке, техникалық
және экономикалық тұрғыда негізделген етіп ұстау.
● Мүмкіндіктері шектеулі адамдарды арнайы мүмкіндіктер туралы нұсқауларды әзірлеуге және
өнімдер мен қызметтерді жасақтауға және сынақтан өткізуге қатыстыру.
● Арнайы мүмкіндіктер туралы жазу және НР өнімдері мен қызметтері туралы ақпаратты оңай қол
жеткізуге болатын пішімде әзірлеу.
● Жетекші көмекші технологияны және шешімді жеткізушілермен қарым-қатынастарды орнату.
● НР өнімдері мен қызметтеріне қатысты көмекші технологияларды жақсартатын ішкі және сыртқы
зерттеу және дамыту салаларына қолдау көрсету.
● Арнайы мүмкіндіктерге арналған өндірістік стандарттар мен нұсқауларға қолдау көрсету және
үлес қосу.
HP және арнайы мүмкіндіктер 65