User's Guide
HP PC Hardware Diagnostics Windows жүктеп алу
● HP PC Hardware Diagnostics Windows құралын жүктеу жөнінде нұсқаулар ағылшын тілінде ғана
беріледі.
● Файлдар .exe пішімінде берілгендіктен, бұл құралды жүктеп алу үшін Windows компьютерін
пайдалану қажет.
HP PC Hardware Diagnostics Windows құралының ең соңғы нұсқасын жүктеп алу
HP PC Hardware Diagnostics Windows бағдарламасын жүктеп алу үшін келесі қадамдарды орындаңыз:
1. http://www.hp.com/go/techcenter/pcdiags веб-сайтына өтіңіз. HP PC Diagnostics қызметінің басты
беті көрсетіледі.
2. HP PC Hardware Diagnostics бетінде Загрузка (Жүктеу) түймешігін басып, компьютерде немесе
USB флэш-жадында орынды таңдаңыз.
Құрал таңдалған орынға жүктеледі.
– немесе –
HP PC Hardware Diagnostics Windows құралын Microsoft Store дүкенінен жүктеп алу үшін келесі
қадамдарды орындаңыз:
1. Жұмыс үстелінде орналасқан Microsoft қолданбасын бастаңыз немесе тапсырмалар
тақтасындағы іздеу жолағында Microsoft Store деп жазыңыз.
2. Microsoft Store іздеу жолағында HP PC Hardware Diagnostics Windows деп жазыңыз.
3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Құрал таңдалған орынға жүктеледі.
HP Hardware Diagnostics Windows құралын өнімнің атауы немесе нөмірі бойынша (тек
таңдаулы өнімдерде) жүктеп алу
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір өнімдер үшін бағдарламалық құралды USB флэш-жадына өнімнің атауы немесе
нөмірі бойынша жүктеу қажет.
HP PC Hardware Diagnostics Windows құралын өнімнің атауы немесе нөмірі бойынша жүктеп алу үшін,
келесі қадамдарды орындаңыз:
1. http://www.hp.com/support веб-сайтына өтіңіз.
2. Загрузка ПО и драйверов (Бағдарламалық құрал және драйверлерді жүктеп алу) санатын
таңдап, құрылғының түрін таңдаңыз, одан кейін іздеу жолағында өнім атауын немесе нөмірін
теріңіз.
3. Диагностика бөлімінде Загрузка (Жүктеу) опциясын таңдаңыз, одан кейін экрандағы
нұсқауларды орындап, компьютер немесе флэш-жадыңызға жүктелетін Windows
диагностикалау құралының тиісті нұсқасын таңдаңыз.
Құрал таңдалған орынға жүктеледі.
HP PC Hardware Diagnostics Windows орнату
HP PC Hardware Diagnostics Windows құралын орнату үшін келесі қадамдарды орындаңыз:
▲ Компьютерге немесе USB флэш-жад дискісіне жүктелген .exe файлы бар қалтаны тауып, .exe
пішіміндегі файлды екі рет басыңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
HP PC Hardware Diagnostics Windows (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану 55