User's Guide

Екі саусақ көмегімен масштабтау
Екі саусақ көмегімен қысып масштабтау қимылдары суретті немесе мәтінді кішірейтуге немесе
үлкейтуге мүмкіндік береді.
Кішірейту үшін екі саусақты сенсорлы тақта аймағында немесе сенсорлы экранға арасын алшақ
қойып, одан кейін олардың арасын жақындатыңыз.
Үлкейту үшін екі саусақты сенсорлы тақта аймағында немесе сенсорлы экранда бірге қойып,
олардың арасын ашыңыз.
Екі саусақты сырғыту (сенсорлы тақта және дәл сенсорлы тақта)
Екі саусақты сенсорлы тақта аймағына арасын алшақ қойып, бетте немесе кескінде жоғары, төмен
немесе қапталға қарай жылжыту үшін одан кейін оларды жоғары, төмен, сол немесе оң жаққа қарай
сүйреңіз.
Екі саусақпен түрту (сенсорлы тақта және дәл сенсорлы тақта)
Сенсорлы тақта аймағын екі саусақ көмегімен түртіп, таңдалған нысанның опциялар мәзірін ашыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Екі саусақ көмегімен түрту қимылы тінтуірдің оң жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді.
Үш саусақпен түрту (сенсорлы тақта және дәл сенсорлы тақта)
Әдепкі бойынша үш саусақпен түрту қимылы арқылы тапсырмалар тақтасындағы іздеу жолағы
ашылады. Қимылды орындау үшін сенсорлы тақта аймағында үш саусақпен түртіңіз.
30 5-тарау Экранда шарлау