User's Guide
Бейне пайдалану
Бұл компьютер таңдаулы веб-сайттардағы ойнатылатын бейнені көруге және желіге қосылмаған
компьютерден тамашалау үшін бейнелер мен фильмдерді жүктеп алуға мүмкіндік беретін қуатты
бейне құрылғысы болып табылады.
Көруге байланысты әрекеттеріңізді жақсарту мақсатында компьютерді сыртқы монитор, проектор
немесе теледидарға қосу үшін бейне порттардың бірін пайдаланыңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Сыртқы құрылғының дұрыс кабель арқылы компьютердегі дұрыс ұяға қауіпсіз
түрде жалғанғандығына көз жеткізіңіз. Құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
USB Type-C мүмкіндіктерін пайдалану туралы ақпарат алу үшін http://www.hp.com/support веб-бетін
ашып, өнімді табу нұсқауларын орындаңыз.
Thunderbolt құрылғысын USB Type-C кабелі арқылы жалғау
ЕСКЕРТПЕ: USB Type-C Thunderbolt™ құрылғысын компьютерге жалғау үшін бөлек сатылатын USB
Type-C кабелі қажет болады.
Бейне немесе ажыратымдылығы жоғары дисплей шығысын сыртқы Thunderbolt құрылғысында қарау
үшін Thunderbolt құрылғысын мына нұсқауларға сәйкес жалғаңыз:
1. USB Type-C кабелінің бір ұшын компьютердегі USB Type-C Thunderbolt портына жалғаңыз.
2. Кабельдің екінші ұшын сыртқы Thunderbolt құрылғысына жалғаңыз.
3. Төрт дисплей күйі арасында ауысу үшін f4 түймесін басыңыз:
● Компьютер экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көріңіз.
● Көшірмелеу: экрандағы кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен
де көру.
● Кеңейту: экрандағы кескінді компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен көру.
● Екінші экран ғана: экрандағы кескінді тек сыртқы құрылғыдан көріңіз.
f4 пернесі басылған сайын, көрсету күйі өзгереді.
Бейне пайдалану 25