User's Guide
Құлақаспаптар жалғау
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар
немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін төмендетіңіз. Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат
алу үшін Қауіпсіздікке және қоршаған ортаға қойылатын талаптарға сәйкестік туралы
ескертпелер нұсқаулығын қараңыз.
Бұл құжатты ашу үшін:
▲ Тапсырмалар тақтасының іздеу өрісіне Документация НР (НР құжаттары) деп жазып, одан
кейін
Документация НР (НР құжаттары) опциясын таңдаңыз.
Сымды құлақаспаптарды құлақаспап қосуға арналған ұяға немесе компьютердегі біріктірілген аудио
шығыс (құлақаспап үшін)/аудио кіріс (микрофон үшін) ұясына қосуға болады.
Компьютерге сымсыз құлақаспаптарды жалғау үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
Гарнитураны жалғау
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар
немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін төмендетіңіз. Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат
алу үшін Қауіпсіздікке және қоршаған ортаға қойылатын талаптарға сәйкестік туралы
ескертпелер нұсқаулығын қараңыз.
Бұл құжатты ашу үшін:
▲ Тапсырмалар тақтасының іздеу өрісіне Документация НР (НР құжаттары) деп жазып, одан
кейін
Документация НР (НР құжаттары) опциясын таңдаңыз.
Микрофонмен біріктірілген құлақаспаптар гарнитура деп аталады. Сымды құлақаспаптарды
компьютердегі біріктірілген аудио шығыс (құлақаспап үшін)/аудио кіріс (микрофон үшін) ұясына
қосуға болады.
Компьютерге сымсыз гарнитураны жалғау үшін құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
Дыбыс параметрлерін пайдалану
Жүйе дыбыс деңгейін реттеу, жүйе дыбысын өзгерту не аудио құрылғыларды басқару үшін дыбыс
параметрлерін пайдаланыңыз.
Дыбыс параметрлерін қарау немесе өзгерту үшін:
▲ Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында панель управления (басқару тақтасы) деп теріп,
Панель управления (Басқару тақтасы) опциясын таңдаңыз, Аппаратное обеспечение и звук
(Аппараттық құрал және дыбыс) опциясын таңдап, Звук (Дыбыс) пәрменін таңдаңыз.
Компьютеріңізде Bang & Olufsen, B&O немесе басқа жеткізушінің кеңейтілген дыбыс жүйесі болуы
мүмкін. Нәтижесінде компьютерде дыбыс жүйесіне тән дыбысты басқару тақтасы арқылы
басқарылатын кеңейтілген аудио мүмкіндіктері болуы мүмкін.
Дыбыстық параметрлерді көру және басқару үшін дыбыстың басқару панелін пайдаланыңыз.
▲ Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында панель управления (басқару тақтасы) деп теріп,
Панель управления (Басқару тақтасы) опциясын таңдаңыз, Аппаратное обеспечение и звук
(Аппараттық құрал және дыбыс) опциясын таңдап, аудио жүйесіне тән дыбысты басқару панелін
таңдаңыз.
24 4-тарау Ойын-сауық мүмкіндіктерін пайдалану