User's Guide
Астыңғы жағындағы
Кесте 2-9 Астыңғы жағындағы бөліктер және олардың сипаттамалары
Бөлік Сипаттама
(1) Желдеткіш Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қосады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді
салқындату үшін және қызып кетуден қорғау үшін
автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында
желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы –
қалыпты жағдай.
(2) Үндеткіштер (2) Дыбыс шығарады.
Жапсырмалар
Компьютерге бекітілген жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жою кезінде немесе компьютермен
саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін ақпаратты береді. Жапсырмалар қағаз пішінде немесе өнімде
басылған күйінде болуы мүмкін.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Осы бөлімде сипатталған жапсырмалар туралы ақпаратты алу үшін келесі
орындарға қараңыз: компьютердің астыңғы жағында, батарея ұясында, қызмет көрсету есігінің
астында, дисплейдің артында немесе планшеттің қайырмалы тірегінің астыңғы жағында.
● Қызмет көрсету жапсырмасы:компьютерді анықтау үшін маңызды ақпаратты береді. Қолдау
қызметімен хабарласу кезінде сериялық нөмір, өнім нөмірі немесе модель нөмірі сұралуы мүмкін.
Қолдау қызметімен хабарласпас бұрын, бұл ақпаратты табыңыз.
Қызмет көрсету жапсырмасы төменде көрсетілген үлгілердің біріне ұқсас болады. Компьютердегі
қызмет көрсету жапсырмасына ең ұқсас суретті қараңыз.
Астыңғы жағындағы 15