User's Guide

Кесте 2-2 Сол жақтағы бөліктер және олардың сипаттамалары (жалғасы)
Бөлік Сипаттама
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы ұяға қосылған кезде, компьютер
үндеткіштері ажыратылады.
Дисплей
Low Blue Light (Көк түсті жарықты сүзгілеу) режимі (тек таңдаулы өнімдерде)
Көз жайлылығы мен қауіпсіздігі үшін зауыттан жеткізілетін компьютерде көк түсті жарықты сүзгілеу
режимі қосылған. Сонымен қатар түнгі уақытта компьютерді пайдалану немесе компьютер экранынан
оқу кезінде көк түсті жарықты сүзгілеу режимінің көмегімен көк түсті жарықтың шығарылу деңгейі
автоматты түрде реттеледі.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ауыр жарақат алу қаупін азайту үшін Қауіпсіз және қолайлы жұмыс жасау
нұсқаулығын оқыңыз. Мұнда компьютер пайдаланушылары үшін жұмыс орнын реттеу және дұрыс
ұйымдастыру жолдары, денсаулық сақтау шаралары және компьютермен жұмыс істеу ережелері
сипатталады. Бұл Қауіпсіз және қолайлы жұмыс жасау нұсқаулығында маңызды электр және
механикалық жабдықтармен жұмыс істегенде қадағаланатын қауіпсіздік ережелері де беріледі.
Қауіпсіз және қолайлы жұмыс жасау нұсқаулығын http://www.hp.com/ergo веб-бетінде қарауға
болады.
Кесте 2-3 Дисплей бөліктері және олардың сипаттамалары
Бөлік Сипаттама
(1) WLAN антенналары* Сымсыз жергілікті желілермен (WLAN) байланыста болу үшін
сымсыз байланыс сигналдарын жібереді және қабылдайды.
(2) Камера индикаторлары Бұл индикатор жанып тұрғанда: бір немесе бірнеше камера
пайдалануда.
8 2-тарау Компьютермен танысу