User's Guide
Оң жақтағы
ЕСКЕРТПЕ: Компьютерге ең ұқсас суретті қараңыз.
Кесте 2-1 Оң жақтағы бөліктер және олардың сипаттамалары
Бөлік Сипаттама
(1) microSD™ жад карталарын оқу құрылғысы Ақпарат сақтауға, басқаруға, ортақ пайдалануға немесе
ашуға мүмкіндік беретін қосымша жад карталарын оқиды.
Картаны салу үшін:
1. Қосқыштарын компьютерге қаратып, картаның
жапсырма жағын жоғары қаратып ұстаңыз.
2. Картаны жад карталарын оқу құрылғысына енгізіп,
нық отырғанша, үстінен басыңыз.
Картаны алып тастау үшін:
▲ Картаны басып, оны жад карталарын оқу
құрылғысынан алып тастаңыз.
(2) Желдеткіш Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қосады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді
салқындату үшін және қызып кетуден қорғау үшін
автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында
желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы –
қалыпты жағдай.
(3) Камера құпиялылық қосқышы Камераны өшіреді және қосады.
ЕСКЕРТПЕ: Қосымша ақпаратты Камераны пайдалану
(23-бет) бөлімінен қараңыз.
(4) HP Sleep and Charge (HP ұйқы және зарядтау)
мүмкіндігі бар USB SuperSpeed порты
USB құрылғысын жалғайды, жоғары жылдамдықпен
деректер беруді қамтамасыз етеді және (тек таңдаулы
өнімдерде) компьютер өшірілген болса да, кіші
құрылғыларды зарядтайды.
(5) HP Sleep and Charge (HP ұйқы және зарядтау)
мүмкіндігі бар USB Type-C порты
USB құрылғысын жалғайды, деректер беруді қамтамасыз
етеді және (тек таңдаулы өнімдерде) компьютер өшірілген
болса да, кіші құрылғыларды зарядтайды.
– және –
DisplayPort™ шығыс ұясын қамтамасыз ету арқылы USB
Type-C ұясы бар дисплей құрылғысын жалғайды.
ЕСКЕРТПЕ: Кабельдер мен/немесе адаптерлер (бөлек
сатылады) қажет болуы мүмкін.
(6) HP Sleep and Charge (HP ұйқы және зарядтау)
мүмкіндігі бар USB Type-C Thunderbolt™
порты
USB құрылғысын жалғайды, жоғары жылдамдықпен
деректер беруді қамтамасыз етеді және (тек таңдаулы
өнімдерде) компьютер өшірілген болса да, кіші
құрылғыларды зарядтайды.
– және –
Оң жақтағы 5