User's Guide

1 Алғашқы жұмыс
Бұл компьютер жұмыс істеуді және көңіл көтеруді жақсартуға арналған қуатты құрал болып
табылады. Компьютерді орнату жасалғаннан кейін орындауға болатын ең жақсы амалдар,
компьютермен жасауға болатын қызықты әрекеттер және қосымша HP ресурстарын табуға болатын
орындар туралы білу үшін, осы бөлімді оқып шығыңыз.
Ең жақсы тәжірибе
Компьютерді орнатқан және тіркеген соң, зерделі қаржыландырудың ең көбін алу үшін келесі
қадамдарды орындауды ұсынамыз:
Қалпына келтіру медиа құралдарын жасау арқылы катты дисктің сақтық көшірмесін жасаңыз.
Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару және қалпына келтіру (59-бет) бөлімін
қараңыз.
Әлі қосылмаған болса, сымды немесе сымсыз желіге қосылыңыз. Егжей-тегжейлі ақпаратты
Желіге қосылу (17-бет) бөлімінен қараңыз.
Компьютердің аппараттық және бағдарламалық құралдарымен танысыңыз. Қосымша ақпарат
алу үшін Компьютермен танысу (4-бет) немесе Ойын-сауық мүмкіндіктерін пайдалану
(23-бет) бөлімін қараңыз.
Вирусқа қарсы бағдарламалық құрал сатып алыңыз немесе жаңартыңыз. Вирусқа қарсы
бағдарламалық құралды пайдалану (48-бет) бөлімін қараңыз.
HP Support Assistant қолданбасын пайдалану: онлайн қолдауды жылдам алу үшін HP Support
Assistant қолданбасын (тек таңдаулы өнімдерде) ашыңыз. HP Support Assistant қолданбасы
компьютер өнімділігін оңтайландырады және ең соңғы бағдарлама жаңартуларын,
диагностикалық құралдарды және анықтама нұсқауларын пайдалану арқылы мәселелерді
шешеді. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағына поддержка (қолдау) сөзін жазып, HP Support
Assistant
бағдарламасын таңдаңыз. Одан кейін Поддержка (Қолдау) опциясын таңдаңыз.
Ең жақсы тәжірибе 1