User's Guide
ЕСКЕРТПЕ: Жұмыс ауқымы (сымсыз сигналдардың жету алыстығы) WLAN кіруіне, жол
жоспарлағышын өндірушіге және басқа электрондық құрылғылардан алынған кедергілерге немесе
қабырғалар және едендер сияқты құрылымды тосқауылдарға байланысты болады.
НР Мобильді кең жолақты модулін пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде)
HP мобильді кең жолақты компьютеріңізде кең ауқымды мобильді қызметке қолдау көрсетілген.
Жаңа компьютерді мобильді оператордың желісімен пайдаланғанда Интернетке қосылу, электрондық
пошта жіберу немесе корпоративтік желіге қосылу Wi-Fi жылдам қосылу нүктесінсіз мүмкін болады.
Мобильді байланыстың кең жолақты қызметін іске қосу үшін, HP мобильді байланыстың кең жолақты
желі модулінің
IMEI және/немесе MEID нөмірі керек болуы мүмкін. Нөмір компьютердің түбіндегі
батарея орнының ішінде, қызмет көрсету үшін ашатын есіктің астында немесе дисплейдің артында
компьютердің төменгі жағында орналасқан жапсырмаға басылған.
– немесе –
1. Тапсырмалар тақтасындағы желі күйінің белгішесін басыңыз.
2. Параметры сети и Интернет (Желі және интернет параметрлері) опциясын таңдаңыз.
3. Параметры сети и Интернет (Желі және интернет параметрлері) бөлімінің астындағы Мобильный
(Ұялы) параметрін, кейін Дополнительные опции (Қосымша опциялар) параметрін таңдаңыз.
Кейбір ұялы байланыс операторлары абонентті анықтау модуль (SIM) картасын пайдалануды талап
етеді. SIM картасында жеке идентификациялық нөмір (PIN), сондай-ақ желі туралы ақпарат сияқты
жалпы ақпарат қамтылады. Кейбір компьютерлерге SIM картасы алдын ала орнатылады. Егер SIM
картасы алдын ала орнатылған болмаса, ол компьютермен бірге берілетін HP мобильді кең жолақты
модулі құжаттарының ішінде берілуі мүмкін. Немесе ұялы байланыс операторы оны компьютерден
бөлек беруі мүмкін.
НР мобильді кең жолақты модулі туралы және таңдаулы мобильді желілер операторы арқылы
қызметті іске қосу әдісі туралы мәліметтер алу үшін, компьютерге енгізілген НР мобильді кең жолақты
модулі туралы ақпаратты қараңыз.
GPS пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде)
Компьютерде GPS (Ғаламдық орынды анықтау жүйесі) құрылғысы орнатылуы мүмкін. GPS спутниктері
орналасу, жылдамдық және бағдарлар туралы ақпаратты GPS стандартымен жабдықталған
жүйелерге жібереді.
GPS мүмкіндігін қосу үшін орналасқан орнының "Орналасқан орны параметрлері" астынан
қосылғанына көз жеткізіңіз.
▲ Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында местоположение (орналасқан орны) деп теріп,
Параметры конфиденциальности сведений о местонахождении (Орынның құпиялылық
параметрлері) опциясын, одан кейін параметрдің өзін таңдаңыз.
22 3-тарау Желіге қосылу










