User's Guide
Кесте 2-6 Түйме, желдеткіш саңылау, үндеткіштер мен саусақ ізін оқу құрылғысы және олардың
сипаттамалары (жалғасы)
Бөлік Сипаттама
▲ Питание (Қуат) белгішесін тінтуірдің оң жақ
түймешігімен басып, Электропитание (Қуат
параметрлері) тармағын таңдаңыз.
(2) Үндеткіштер (2) Дыбыс шығарады.
(3) Желдеткіш саңылау Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қосады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді
салқындату үшін және қызып кетуден қорғау үшін
автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында
желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы –
қалыпты жағдай.
(4) Саусақ ізін оқу құрылғысы (тек таңдаулы
өнімдерде)
Құпия сөзді енгізбестен, саусақ ізін пайдаланып, Windows
амалдық жүйесіне кіруге мүмкіндік береді.
▲ Саусақ ізін оқу құрылғысында саусақты төмен қарай
сырғытыңыз. Толық ақпаратты Windows Hello
мүмкіндігін пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде)
(48-бет) бөлімінен қараңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Саусақ ізі көмегімен кіру кезінде
орын алуы мүмкін мәселелердің алдын алу үшін
саусағыңыздың ізін тіркегенде, саусақ ізін оқу
құрылғысы саусағыңызды барлық жағынан тіркегеніне
көз жеткізіңіз.
Пернетақта аумағы 13










