User's Guide
Түйме, желдеткіш саңылау, үндеткіштер және саусақ ізін оқу құрылғысы
Саусақ ізін оқу құрылғысы сенсорлы тақтада, компьютердің бүйір панелінде немесе пернетақтаның
астынан үстіңгі қақпақта орналасқан болуы мүмкін.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Компьютерде саусақ ізін оқу құрылғысы көмегімен жүйеге кіру мүмкіндігі бар-
жоғын тексеру үшін тапсырмалар тақтасының іздеу өрісіне параметры входа (кіру опциялары) деп
теріп, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Устройство считывания отпечатков пальцев (Саусақ ізін
оқу құрылғысы) опциялар тізімінде болмаса, онда компьютерде саусақ ізін оқу құрылғысы жоқ.
Кесте 2-6 Түйме, желдеткіш саңылау, үндеткіштер мен саусақ ізін оқу құрылғысы және олардың
сипаттамалары
Бөлік Сипаттама
(1) Қуат түймесі ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін
түймені басыңыз.
● Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін
түймені тез басып қалыңыз.
● Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен (тек
таңдаулы өнімдерде) шығу үшін түймені тез басып
қалыңыз.
● Компьютер күту күйінде болған кезде, күту күйінен
шығу үшін түймені тез басып қалыңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Қуат түймесін басып тұрғанда,
сақталмаған ақпарат жойылады.
Компьютер жауап беруді тоқтатып, өшіру процедуралары
көмектеспесе, компьютерді өшіру үшін қуат түймесін кем
дегенде 5 секунд басып ұстап тұрыңыз.
Қуат параметрлері туралы ақпаратты қуат опцияларынан
қараңыз:
12 2-тарау Компьютермен танысу










