User's Guide
HDMI аудио параметрлерін орнату
HDMI ажыратымдылығы жоғары бейне және дыбыс параметрлеріне қолдау көрсететін жалғыз бейне
интерфейсі болып табылады. HDMI теледидарын компьютерге жалғанғаннан кейін, келесі
қадамдарды орындау арқылы HDMI дыбысын қосуға болады:
1. Тапсырмалар тақтасының оң жағында орналасқан хабарландыру аймағындағы Динамики
(Үндеткіштер) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Устройства воспроизведения
(Ойнату құрылғылары) параметрін таңдаңыз.
2. Воспроизведение (Ойнату) қойыншасында сандық шығыс құрылғысының атын таңдаңыз.
3. Установить по умолчанию (Әдепкі күйді орнату) пәрменін таңдап, OK түймешігін басыңыз.
Дыбыстық ағынды компьютер үндеткіштеріне беру үшін:
1. Тапсырмалар тақтасының оң жағында орналасқан хабарландыру аймағындағы Динамики
(Үндеткіштер) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Устройства воспроизведения
(Ойнату құрылғылары) параметрін таңдаңыз.
2. Воспроизведение (Ойнату) қойыншасында Динамики (Үндеткіштер) параметрін таңдаңыз.
3. Установить по умолчанию (Әдепкі күйді орнату) пәрменін таңдап, OK түймешігін басыңыз.
Сандық дисплей құрылғыларын қос режимді DisplayPort кабелі арқылы
жалғау
ЕСКЕРТПЕ: Сандық дисплей құрылғысын компьютерге жалғау үшін бөлек сатылатын Dual-Mode
DisplayPort (DP-to-DP) кабелі қажет болады.
Шағын қос режимді DisplayPort қосқышы арқылы жоғары сапалы монитор немесе проектор секілді
қосымша сандық дисплей құрылғылары қосылады. VGA портымен салыстырғанда шағын қос режимді
DisplayPort өнімділігі жоғары болып, сандық қосылысты жақсартады.
1. Қос режимді DisplayPort кабелінің бір ұшын компьютердегі қос режимді DisplayPort қосқышына
жалғаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Қосқыштың көрінісі осы бөлімдегі суреттегіден сәл өзгешелеу болуы мүмкін.
26 4-тарау Ойын-сауық мүмкіндіктерін пайдалану










