User's Guide

Кесте 2-12 Қызмет көрсету жапсырмасының құрамдас бөлшектері (жалғасы)
Құрамдас бөлшек
(3) Сериялық нөмір
(4) Кепілдік мерзімі
Нормативтік ақпараты бар жапсырма(лар)—компьютер туралы заңдық ақпаратты береді.
Сымсыз сертификат жапсырма(лары)—қосымша сымсыз құрылғылар туралы ақпаратты және
осы құрылғылардың қолданылуы мақұлданған елдер немесе аймақтардың мақұлдау
таңбаларын қамтамасыз етеді.
HP OMEN Command Center (HP OMEN пәрмендер орталығы)
HP OMEN Command Center (HP OMEN пәрмендер орталығы) арнайы ойын қажеттілігіңізге сай
компьютерді реттеуге мүмкіндік береді.
HP OMEN Command Center бағдарламалық құралын ашу үшін, Пускастау) түймешігін басып, HP
OMEN Command Center бағдарламалық құралын таңдаңыз және экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
– немесе –
Пернетақтаның жоғарғы оң жағындағы OMEN пернесін басыңыз.
HP OMEN Command Center бағдарламалық құралының басқару тақтасы мына мүмкіндіктерді ашуға
және олардың параметрлерін реттеуге арналған орынды береді:
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір функциялар тек таңдаулы өнімдерде ғана болады.
Основные части системыүйенің маңызды бөлшектері): Компьютер күйі мен өнімділігін
бақылайды.
Освещение (Жарықтандыру): Пернетақта және OMEN логотипін жарықтандыруды теңшейді (тек
таңдаулы өнімдерде).
Усилитель сигнала сети (Желі күшейткіші): Желі басымдықтары мен параметрлерін көрсетеді
және реттейді.
Контроль производительности (Өнімділікті басқару): Компьютердің өнімділігін орындалатын
тапсырмаға оңтайландырады.
Освещение игрового устройства и макросы (Ойын құрылғысының жарықтандыруы және
макростар): Сыртқы қолдау көрсетілген құрылғы қосылғанда, жарықтандыруды және макро
пернелерін теңшейді (тек таңдаулы өнімдерде).
Мои игры (Менің ойындарым): Ойындар медиатекасын бір орыннан басқарыңыз және кіріңіз.
OMEN Game Stream: Ойындарды басқа құрылғыларға ағындау мүмкіндігін береді.
Справка (Анықтама): Практикалық нұсқаулар ақпаратын және жиі сұралатын сұрақтарды ашады.
ЕСКЕРТПЕ: Басқару тақтасын жабу үшін, тақтаның үстіңгі жағындағы < көрсеткі түймешігін басыңыз.
16 2-тарау Компьютермен танысу