User's Guide
Арнайы пернелер
ЕСКЕРТПЕ: Компьютерге ең ұқсас суретті қараңыз.
Кесте 2-8 Арнайы пернелер және олардың сипаттамалары
Құрамдас бөлшек Сипаттама
(1) Әрекеттер пернелері fn пернесімен бірге басылған кезде, жиі қолданылатын жүйе
функцияларын орындайды. Әрекет пернелері f1 және f12
функция пернелері арасындағы белгіше таңбалары
бойынша анықталады. Функциялық пернелер компьютерге
байланысты өзгеше болуы мүмкін. Әрекеттер пернелері
(12-бет) бөлімін қараңыз.
(2) Калькулятор пернесі Калькулятор ашылады.
ЕСКЕРТПЕ: Пернені қайта басқанда, калькулятор
жабылады.
(3) esc перне fn пернесімен бірге басылған кезде, жүйе ақпараты
көрсетіледі.
(4) fn перне Басқа пернемен бірге басылған кезде, белгілі бір
функцияларды орындайды.
(5) Windows пернесі Пуск (Бастау) мәзірін ашады.
ЕСКЕРТПЕ: Егер Windows пернесін қайта бассаңыз, Бастау
мәзірі жабылады.
(6) Windows бағдарлама пернесі Таңдалған нысан үшін опциялар тізімін көрсетеді.
(7) Қуат пернесі ● Компьютер өшірулі болғанда, оны қосу үшін түймені
басыңыз.
● Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін
түймені тез басып қалыңыз.
● Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен (тек
таңдаулы өнімдерде) шығу үшін түймені тез басып
қалыңыз.
● Компьютер күту күйінде болған кезде, күту күйінен
шығу үшін түймені тез басып қалыңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Қуат түймесін басып тұрғанда,
сақталмаған ақпарат жойылады.
Пернетақта аймағы 11










