User's Guide
Оң жақтағы
ЕСКЕРТПЕ: Компьютерге ең ұқсас суретті қараңыз.
Кесте 2-1 Оң жақтағы құрамдас бөлшектер және олардың сипаттамалары
Құрамдас бөлшек Сипаттама
(1) HP Sleep and Charge (HP ұйқы және зарядтау)
мүмкіндігі бар USB Type-C SuperSpeed порты
USB құрылғысын жалғайды, жоғары жылдамдықпен
деректер беруді қамтамасыз етеді және (тек таңдаулы
өнімдерде) компьютер өшірілген болса да, кіші
құрылғыларды зарядтайды.
– және –
DisplayPort™ шығыс ұясын қамтамасыз ету арқылы USB
Type-C ұясы бар дисплей құрылғысын жалғайды.
ЕСКЕРТПЕ: Кабельдер мен/немесе адаптерлер (бөлек
сатылады) қажет болуы мүмкін.
(2) HP Sleep and Charge (HP ұйқы және зарядтау)
мүмкіндігі бар USB Type-C Thunderbolt™
порты
USB құрылғысын жалғайды, жоғары жылдамдықпен
деректер беруді қамтамасыз етеді және (тек таңдаулы
өнімдерде) компьютер өшірілген болса да, кіші
құрылғыларды зарядтайды.
– және –
DisplayPort шығыс ұясын қамтамасыз ету арқылы USB Type-
C ұясы бар дисплей құрылғысын жалғайды.
ЕСКЕРТПЕ: Сонымен қатар компьютеріңіз Thunderbolt
қондыру станциясына қолдау көрсетуі мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Кабельдер мен/немесе адаптерлер (бөлек
сатылады) қажет болуы мүмкін.
(3) Қос режимді DisplayPort қосқышы Ажыратымдылығы жоғары монитор немесе проектор
сияқты қосымша сандық көрсету құрылғысын жалғайды.
(4) Желдеткіш Ішкі құрамдас бөлшектерді салқындату үшін ауа ағынын
қосады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер желдеткіші ішкі құрамдас
бөлшектерді салқындату және қызып кетуден қорғау үшін
автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында
желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы –
қалыпты жағдай.
(5) USB порттары (2) USB құрылғыларын жалғайды, деректер тасымалын
қамтамасыз етеді және (тек таңдаулы өнімдерде)
компьютер қосулы немесе ұйқы режимінде болғанда,
шағын құрылғыларды зарядтайды.
4 2-тарау Компьютермен танысу










