User's Guide
Арнайы пернелер
ЕСКЕРТПЕ: Компьютерге ұқсас суретті қараңыз.
Бөлік Сипаттама
(1) Әрекет пернелері Жиі қолданылатын жүйелік функцияларды орындайды.
ЕСКЕРТПЕ: Таңдаулы құрылғылар үлгілерінде fn+f5 әрекет
пернесі арқылы пернетақта жарықтандырғышы өшіріледі
немесе қосылады.
(2) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде, жүйе ақпараты
көрсетіледі.
(3) fn пернесі Басқа пернемен бірге басылған кезде, белгілі бір
функцияларды орындайды.
(4) Windows пернесі Пуск (Бастау) мәзірін ашады.
ЕСКЕРТПЕ: Windows пернесін қайта бассаңыз, Пуск (Бастау)
мәзірі жабылады.
(5) num lock пернесі Кірістірілген сандық пернетақтада жылжу функциясын және
сандар функциясын атқарады.
(6) Кірістірілген сандық пернетақта Әріптік пернетақтаның оң жағында орналасқан бөлек
пернетақта. num lock пернесі басылған кезде, пернетақтаны
сыртқы сандар пернетақтасы ретінде қолдануға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Өшірілген компьютерде белсенді болып тұрған
пернетақта функциясы компьютер қайта қосылғанда
қалпына келеді.
Әрекет пернелері
Әрекет пернесі пернесінде белгішемен көрсетілетін функцияны орындайды. Өнімдегі пернелерді
анықтау үшін Арнайы пернелер (13-бет) бөлімін қараңыз.
▲ Әрекет пернесін пайдалану үшін оны басып ұстап тұрыңыз.
Пернетақта аумағы 13










