User's Guide
Сол жақ
ЕСКЕРТПЕ: Компьютерге ұқсас суретті қараңыз.
Бөлік Сипаттама
(1) Қауіпсіздік кабелінің ұясы Қосымша қауіпсіздік кабелін компьютерге жалғайды.
ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік кабелі сақтандырғыш құрал ретінде
әрекет ету үшін жасалған, бірақ ол компьютерге күтімсіз
қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін.
(2) USB порты Ұялы телефон, камера, белсенділік трекері немесе смарт
сағат сияқты USB құрылғысын жалғап, деректер беруді
қамтамасыз етеді.
(3) Жад картасын оқу құрылғысы Ақпарат сақтауға, басқаруға, ортақ пайдалануға немесе
ашуға мүмкіндік беретін қосымша жад карталарын оқиды.
Картаны салу үшін:
1. Қосқыштарын компьютерге қаратып, картаның
жапсырма жағын жоғары қаратып ұстаңыз.
2. Картаны жад картасын оқу құрылғысына енгізіп, нық
отырғанша, үстінен басыңыз.
Картаны алып тастау үшін:
▲ Картаны басып, оны жад картасын оқу құрылғысынан
алып тастаңыз.
(4) Диск шамы (тек таңдаулы өнімдерде) ● Ақ түсте жыпылықтау: катты диск пайдаланылуда.
(5) Қуат шамы ● Қосулы: компьютер қосулы.
● Жыпылықтау: қуатты үнемдеу күйі болып табылатын
«Ұйқы күйі» компьютерде қосылған. Компьютер
дисплейдің және басқа да қажет емес құрамдас
бөліктердің қуатын өшіреді.
● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. Күту
күйі – ең аз мөлшерде қуат тұтынатын қуатты үнемдеу
күйі.
(6) Қуат қосқышы Айнымалы ток адаптеріне қосылады.
(7) Айнымалы ток адаптері мен батарея шамы ● Ақ: айнымалы ток адаптері қосылған, батарея
толығымен зарядтаулы емес.
● Ақ түсте жыпылықтау: айнымалы ток адаптері
ажыратылды және батарея заряды төмен батарея
деңгейіне жетті.
Сол жақ 7










