User's Guide

Дыбыстық ағынды компьютер үндеткіштеріне беру үшін:
1. Тапсырмалар тақтасының оң жағында орналасқан хабарландыру аймағындағы Динамики
(Үндеткіштер) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Устройства воспроизведения
(Ойнату құрылғылары) параметрін таңдаңыз.
2. Воспроизведение (Ойнату) қойыншасында Динамики (Үндеткіштер) параметрін таңдаңыз.
3. Установить по умолчанию (Әдепкі күйді орнату) пәрменін таңдап, OK түймешігін басыңыз.
Miracast-үйлесімді сымсыз дисплейлерді табу және оларға қосылу (тек
таңдаулы өнімдерде)
Ағымдағы ашық тұрған бағдарламаларды жаппай, Miracast
®
үйлесімді сымсыз дисплейлерін табу және
оларға қосылу үшін мына қадамдарды орындаңыз
.
Miracast ашу үшін:
Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында демонстрировать (көрсету) сөзін теріп,
Демонстрировать на втором экране (Екінші экранда көрсету) опциясын таңдаңыз. Подключение
к беспроводному дисплею (Сымсыз дисплейге қосылу) пәрменін таңдап, экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
Деректер беруді пайдалану
Компьютерді фотосуреттер, бейнелер мен фильмдерді USB құрылғыларынан жылжытып,
компьютерде қарауға мүмкіндік беретін қуатты көңіл көтеру құрылғы болып табылады.
Көру сапасын жақсарту мақсатына USB Type-C порттарының біреуін компьютердегі ұялы телефон,
камера, белсенділік трекері немесе смарт сағат сияқты USB құрылғысын қосу және файлдарды
компьютерге беру үшін пайдаланыңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Сыртқы құрылғының дұрыс кабель арқылы компьютердегі дұрыс ұяға қауіпсіз
түрде жалғанғандығына көз жеткізіңіз. Құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
USB Type-C мүмкіндіктерін пайдалану туралы ақпарат алу үшін http://www.hp.com/support веб-бетін
ашып, өнімді табу нұсқауларын орындаңыз.
Деректер беруді пайдалану 27