User's Guide

Компьютер экранындағы кескінді ажыратымдылығы жоғары теледидардан не компьютерден көру
үшін ажыратымдылығы жоғары құрылғыны келесі нұсқауларға сәйкес жалғаңыз:
1. HDMI кабелінің бір ұшын компьютердегі HDMI портына жалғаңыз.
2. Кабельдің екінші ұшын ажыратымдылығы жоғары теледидарға немесе мониторға жалғаңыз.
3. Төрт дисплей күйі арасында ауысу үшін f4 түймесін басыңыз:
Компьютер экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көріңіз.
Көшірмелеу: экрандағы кескінді бір уақытта компьютер және сыртқы құрылғыдан көріңіз.
Кеңейту: экрандағы кескінді компьютер және сыртқы құрылғы арқылы кеңейтілген күйінде
көріңіз.
Екінші экран ғана: экрандағы кескінді тек сыртқы құрылғыдан көріңіз.
f4 пернесі басылған сайын, көрсету күйі өзгереді.
ЕСКЕРТПЕ: Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін, әсіресе Расширитьеңейту) опциясы таңдалған
болса, сыртқы құрылғының экран ажыратымдылығын мына жолмен реттеңіз. Пуск (Бастау)
түймешігін басыңыз, Параметры (Параметрлер) белгішесін , кейін Системаүйе) опциясын
таңдаңыз. Дисплей астынан қажетті ажыратымдылық мәнін таңдаңыз, одан кейін Сохранить
изменения (Өзгертулерді сақтау) опциясын таңдаңыз.
HDMI аудио параметрлерін орнату
HDMI ажыратымдылығы жоғары бейне және дыбыс параметрлеріне қолдау көрсететін жалғыз бейне
интерфейсі болып табылады. HDMI теледидарын компьютерге жалғанғаннан кейін, келесі
қадамдарды орындау арқылы HDMI дыбысын қосуға болады:
1. Тапсырмалар тақтасының оң жағында орналасқан хабарландыру аймағындағы Динамики
(Үндеткіштер) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Устройства воспроизведения
(Ойнату құрылғылары) параметрін таңдаңыз.
2. Воспроизведение (Ойнату) қойыншасында сандық шығыс құрылғысының атын таңдаңыз.
3. Установить по умолчанию (Әдепкі күйді орнату) пәрменін таңдап, OK түймешігін басыңыз.
26 4-тарау Ойын-сауық мүмкіндіктерін пайдалану