User's Guide
Жапсырмалар
Компьютерге бекітілген жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жою кезінде немесе компьютермен
саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін ақпаратты береді. Жапсырмалар қағаз пішінде немесе өнімде
басылған күйінде болуы мүмкін.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Осы бөлімде сипатталған жапсырмалар туралы ақпаратты алу үшін келесі
орындарға қараңыз: компьютердің астыңғы жағында, батарея ұясында, қызмет көрсету есігінің
астында, дисплейдің артында немесе планшеттің қайырмалы тірегінің астыңғы жағында.
● Қызмет көрсету жапсырмасы: компьютерді анықтау үшін маңызды ақпаратты береді. Қолдау
қызметімен хабарласу кезінде сериялық нөмір
, өнім нөмірі немесе модель нөмірі сұралуы мүмкін.
Қолдау қызметімен хабарласпас бұрын, бұл ақпаратты табыңыз.
Қызмет көрсету жапсырмасы төменде көрсетілген үлгілердің біріне ұқсас болады. Компьютердегі
қызмет көрсету жапсырмасына ең ұқсас суретті қараңыз.
Кесте 2-10 Қызмет көрсету жапсырмасының бөліктері
Бөлік
(1) HP өнімінің атауы
(2) Модель нөмірі
(3) Өнім коды
(4) Сериялық нөмір
(5) Кепілдік күшінің мерзімі
Кесте 2-11 Қызмет көрсету жапсырмасының бөліктері
Бөлік
(1) HP өнімінің атауы
(2) Өнім коды
Жапсырмалар 15










