User's Guide
Арнайы пернелер
Кесте 2-7 Арнайы пернелер және олардың сипаттамалары
Бөлік Сипаттама
(1) esc перне fn пернесімен бірге басылған кезде, жүйе ақпараты
көрсетіледі.
(2) fn перне Басқа пернемен бірге басылған кезде, белгілі бір
функцияларды орындайды.
(3) Windows пернесі Пуск (Бастау) мәзірін ашады.
ЕСКЕРТПЕ: Windows пернесін қайта бассаңыз, Пуск (Бастау)
мәзірі жабылады.
(4) Әрекеттер пернелері Жиі қолданылатын жүйелік функцияларды орындайды.
Әрекеттер пернелері (13-бет) бөлімін қараңыз.
(5) Қуат пернесі ● Компьютер өшірулі болғанда, оны қосу үшін түймені
басыңыз.
● Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін
түймені тез басып қалыңыз.
● Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен (тек
таңдаулы өнімдерде) шығу үшін түймені тез басып
қалыңыз.
● Компьютер күту күйінде болған кезде, күту күйінен
шығу үшін түймені тез басып қалыңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Қуат түймесін басып тұрғанда,
сақталмаған ақпарат жойылады.
Компьютер жауап беруді тоқтатса және өшіру
процедуралары көмектеспесе, компьютерді өшіру үшін қуат
түймешігін кем дегенде 5 секунд басып ұстап тұрыңыз.
Қуат параметрлері туралы ақпаратты қуат опцияларынан
қараңыз.
▲ Индикатор питания (Қуат көрсеткіші) белгішесін
тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып,
Электропитание (Қуат параметрлері) тармағын
таңдаңыз.
12 2-тарау Компьютермен танысу










