User's Guide
Кесте 2-1 Оң жақтағы бөліктер және олардың сипаттамалары (жалғасы)
Бөлік Сипаттама
● Ақ түсте жыпылықтау: айнымалы ток адаптері
ажыратылды және батарея заряды төмен батарея
деңгейіне жетті.
● Сары: айнымалы ток адаптері қосылған, батарея
зарядталуда.
● Өшірулі: батарея зарядталмайды.
(7) Қуат ұясы Айнымалы ток адаптері қосылады.
Сол жақтағы
Кесте 2-2 Сол жақтағы бөліктер және олардың сипаттамалары
Бөлік Сипаттама
(1) USB порты Ұялы телефон, камера, белсенділік трекері немесе смарт
сағат сияқты USB құрылғысын жалғап, деректер беруді
қамтамасыз етеді.
(2) Біріктірілген аудио шығыс (құлақаспап
үшін)/aудио кіріс (микрофон үшін) ұясы
Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштер,
құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар, гарнитура
немесе теледидар дыбыс кабелі қосылады. Сонымен қатар
қосымша гарнитура микрофонын қосады. Бұл ұяға қосымша
автономды микрофонды жалғауға болмайды.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін
құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспап немесе
гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз.
Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат алу үшін Қауіпсіздікке
және қоршаған ортаға қойылатын талаптарға сәйкестік
туралы ескертпелер нұсқаулығын қараңыз.
Бұл нұсқаулықты пайдалану үшін:
▲ Тапсырмалар тақтасының іздеу өрісіне
Документация НР (НР құжаттары) деп жазып, одан
кейін Документация НР (НР құжаттары) опциясын
таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы ұяға қосылған кезде, компьютер
үндеткіштері ажыратылады.
(3) Желдеткіш Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қосады.
6 2-тарау Компьютермен танысу










