User's Guide
Оң жақтағы
ЕСКЕРТПЕ: Компьютерге ең ұқсас суретті қараңыз.
Кесте 2-1 Оң жақтағы бөліктер және олардың сипаттамалары
Бөлік Сипаттама
(1) SIM картасының ұясы (тек таңдаулы
өнімдерде)
SIM (сымсыз абонентті анықтау модулі) картасын қолдайды.
SIM картасын орнату қадамдарын SIM картасын енгізу (тек
таңдаулы өнімдерде) (16-бет) бөлімінен қараңыз.
(2) Жад карталарын оқу құрылғы Ақпарат сақтауға, басқаруға, ортақ пайдалануға немесе
ашуға мүмкіндік беретін қосымша жад карталарын оқиды.
Картаны салу үшін:
1. Қосқыштарын компьютерге қаратып, картаның
жапсырма жағын жоғары қаратып ұстаңыз.
2. Картаны жад карталарын оқу құрылғысына енгізіп,
нық отырғанша, үстінен басыңыз.
Картаны алып тастау үшін:
▲ Картаны басып, оны жад карталарын оқу
құрылғысынан алып тастаңыз.
(3) HP Sleep and Charge (HP ұйқы және зарядтау)
мүмкіндігі бар USB Type-C порты
Type-C ұясы бар USB құрылғысын жалғайды, деректер
тасымалын қамтамасыз етеді және компьютер өшірулі
болса да, ұялы телефон, камера, белсенділік трекері немесе
смарт сағат сияқты көптеген өнімдерді зарядтайды.
– және –
DisplayPort™ шығыс ұясын қамтамасыз ету арқылы USB
Type-C ұясы бар дисплей құрылғысын жалғайды.
ЕСКЕРТПЕ: Кабельдер мен/немесе адаптерлер (бөлек
сатылады) қажет болуы мүмкін.
(4) USB порты Ұялы телефон, камера, белсенділік трекері немесе смарт
сағат сияқты USB құрылғысын жалғап, деректер беруді
қамтамасыз етеді.
(5) HDMI порты Ажыратымдылығы жоғары теледидар немесе кез келген
сыйысымды сандық не аудио компоненті сияқты қосымша
видео не аудио құрылғыны, сондай-ақ жылдамдығы
жоғары HDMI құрылғысын қосады.
(6) Айнымалы ток адаптері және батарея
индикаторы
● Ақ: айнымалы ток адаптері қосылған, батарея
толығымен зарядтаулы.
Оң жақтағы 5










