User's Guide

Оң жақ
Кесте 2-1 Оң жақтағы бөліктер және олардың сипаттамалары
Бөлік Сипаттама
(1) Жад картасын оқу құрылғысы Ақпарат сақтауға, басқаруға, ортақ пайдалануға немесе
ашуға мүмкіндік беретін қосымша жад карталарын оқиды.
Картаны салу үшін:
1. Қосқыштарын компьютерге қаратып, картаның
жапсырма жағын жоғары ұстаңыз.
2. Картаны жад картасын оқу құрылғысына енгізіп, нық
отырғанша, үстінен басыңыз.
Картаны алып тастау үшін:
Картаны жад карта оқу құралынан шығарып алыңыз.
(2) Біріктірілген аудио шығыс (құлақаспап
үшін)/аудио кіріс (микрофон үшін) ұясы
Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштер,
құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар, гарнитура
немесе теледидар дыбыс кабелі қосылады. Сонымен қатар
қосымша гарнитура микрофонын қосады. Бұл ұя қосымша
автономды микрофонды қолдамайды.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін
құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспап немесе
гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз.
Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат алу үшін Қауіпсіздікке
және қоршаған ортаға қойылатын талаптарға сәйкестік
туралы ескертпелер нұсқаулығын қараңыз.
Бұл нұсқаулықты пайдалану үшін:
Документация НР (НР құжаттары) деп тапсырмалар
іздеу жолағына жазып, одан кейін Документация НР
(НР құжаттары) опциясын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы ұяға қосылған кезде, компьютер
үндеткіштері ажыратылады.
(3) Қуат индикаторы Бұл индикатор жанып тұрғанда: компьютер қосулы.
Жыпылықтап тұрғанда: (тек таңдаулы өнімдерде)
қуатты үнемдеу күйі болып табылатын «Ұйқы күйі»
компьютерде қосылған. Компьютер дисплейдің және
қажетсіз құрамдас бөліктердің қуатын өшіреді.
Өшірулі: компьютер моделіне байланысты компьютер
өшірулі, гибернация күйінде немесе ұйқы режимінде
болады. Гибернация күйі – ең аз мөлшерде қуат
тұтынатын қуатты үнемдеу күйі.
(4) Диск индикаторы (тек таңдаулы өнімдерде) Жыпылықтап тұрғанда: қатты күйдегі диск
пайдаланылуда.
Оң жақ 5