Operating Instruction SID 4-A22 (01)

Table Of Contents
*2145526*
2145526 Қазақ 167
6.2 Оңға/солға айналу бағытын орнату 6
Қажетті айналдыру бағытын орнату үшін, сағат тіліне бағыттас/сағат
тіліне қарама-қарсы айналдыратын ауыстырып-қосқышты
пайдаланыңыз.
Ауыстырып-қосқыш ортаңғы күйде болғанда, негізгі сөндіргіш
бұғатталған болады (қосуды құлыптау). Бұғаттау электр
қозғалтқышы жұмыс істеп тұрғанда бағытты ауыстырудан
қорғайды.
6.3 Қосу
Бұғаттаудан шығару түймесін басыңыз.
Басу тереңдігі арқылы айналу жиілігін реттеуге болады.
6.4 Бұрап бекіту
АБАЙЛАҢЫЗ
Зақымдалған тетіктерінен жарақат алып қалу қаупі бар! Егер
айналдыру моменті тым жоғары болатын болса, бұрандалар мен тетіктер
зақымдалуы мүмкін. Бұл жарақат алуға әкелуі мүмкін.
Бұрандалы бекіткіштер мен өңделетін бөлшек құрал тудыратын айналу
моментіне сай екеніне көз жеткізіңіз.
1. Оңға/солға айналу ауыстырып-қосқышын ортаңғы күйіне орнатыңыз.
2. Айналу моментінің ауыстырып-қосқышы арқылы қалаулы айналу
моментін орнатыңыз. Бет 166
3. Оңға/солға айналу ауыстырып-қосқышын қалаулы айналу бағытына
орнатыңыз.
6.5 Өшіру
Негізгі сөндіргішті жіберіңіз.
6.6 Алмалы-салмалы аспапты бөлшектеу 4
АБАЙЛАҢЫЗ
Алмалы-салмалы құралды мұқият пайдаланбаса, одан жарақат алу
қаупі бар! Алмалы-салмалы аспап ыстық не өткір болуы мүмкін.
Аспапты қолданғанда және алмалы-салмалы аспапты алмастырған
кезде қорғаныс қолғаптарды киіңіз.
1. Оңға/солға айналу ауыстырып-қосқышын ортаңғы күйге орнатыңыз
немесе аккумуляторды аспаптан ажыратыңыз.
2. Қысқы сақинасын алға тартып шығарып, ұстап тұрыңыз.
3. Алмалы-салмалы аспапты құрал бекіткішінен шығарыңыз.
4. Алмалы-салмалы аспаптың сақинасын босатыңыз.
Printed: 14.10.2019 | Doc-Nr: PUB / 5293911 / 000 / 06