User manual

Есіктің шыны панельдерін алу және тазалау
B
1.
Есік жақтаушасының (B) жоғарғы жағын
қос қолмен екі жағынан ұстаңыз да,
ысырманы босату үшін ішке қарай
басыңыз.
2.
Есікті босату үшін оның жақтаушасын
алға қарай тартыңыз.
3.
Есіктің шыны панельдерін
бағыттағыштан шығару үшін үстіңгі
жағынан ұстап, бір-бірден жоғары тартып
шығарыңыз.
4.
Есіктің шыны панельдерін тазалаңыз.
Панельдерді салу үшін жоғарыда көрсетілген
әрекеттерді кері ретпен орындаңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Алмалы шыны панельдердің бір жақ
бетінде таңбасы бар. Осы таңбаның
үстіңгі сол жақ бұрышта болуын
қамтамасыз етіңіз.
ТАРТПАНЫ АЛУ
Тұмшапештің астындағы тартпаны оңай
тазалау үшін алуға болады.
1.
Тартпаны тоқтағанша бері қарай
тартыңыз.
1
2
2.
Тартпаны сәл жоғары көтеріп тартпаның
сырғытпа жолдарынан алыңыз.
Тартпаны орнына салу
1.
Тартпаны сырғытпа жолдарға қойыңыз.
Шеттерінің сырғытпа жолдарға дұрыс
салынғанына қол жеткізіңіз.
2.
Тартпаны көлбеу түсіріңіз де, ішке қарай
итеріңіз.
Назарыңызда болсын!
Тұмшапеш жұмыс істеп тұрғанда,
тартпаның іші қызып кетуі мүмкін.
Тұтанғыш заттарды тартпаға салып
сақтамаңыз (мысалы, тазартқыш
заттар, пластик қапшықтар, пеш
қолғабы, қағаз, бүріккіштер т.с.с.).
64
www.aeg.com