User manual
ТҰМШАПЕШ - САҒАТ ФУНКЦИЯЛАРЫ
ЭЛЕКТРОНДЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАҒЫШ
1 2 3
456
1
Функция индикаторлары
2
Уақыт бейнебеті
3
Функция индикаторлары
4
+ түймешігі
5
Параметр таңдау түймешігі
6
- түймешігі
Сағат функциясы Қолданылуы
Тәулік уақыты Тәулік уақытын орнатуға, өзгертуге немесе тексеруге
арналған.
Минут операторы Кері санақ уақытын орнатуға арналған. Бұл функция
тұмшапештің жұмысына ешбір әсер етпейді.
Ұзақтық Құрылғының жұмыс істеу уақытын орнатуға арналған.
Аяқтау Құрылғыны сөндіру уақытын орнатуға арналған.
Ұзақтық және Аяқтау функциясын
қатар қолданып, құрылғының іске
қосылатын, содан кейін сөндірілетін
уақытын орната аласыз. Әуелі
Ұзақтық параметрін, содан кейін
Аяқтау уақытын орнатыңыз.
САҒАТ ФУНКЦИЯЛАРЫН ОРНАТУ
1.
Таңдау түймешігін қажетті функцияның
индикаторы жыпылықтағанша қайта-
қайта басыңыз.
2.
Минут операторының , Ұзақтық
немесе Аяқтау уақытын орнату үшін +
немесе - түймешігін қолданыңыз.
Тиісті функцияның индикаторы жанады.
Уақыт аяқталған кезде, функция
индикаторы жыпылықтайды да,
дыбыстық сигнал 2 минут естіледі.
Ұзақтық және Аяқтау
функциялары орнатылғанда, құрылғы
автоматты түрде сөнеді.
3.
Сигналды тоқтату үшін түймешікті
басыңыз.
САҒАТ ФУНКЦИЯЛАРЫН
БІРЖОЛА ТОҚТАТУ
1.
Таңдау түймешігін қажетті функцияның
индикаторы жыпылықтағанша қайта-
қайта басыңыз.
2.
- түймешігін басып ұстап тұрыңыз.
Сағат функциясы бірнеше секундтан
кейін сөнеді.
46
www.aeg.com