User manual
бөлмені қыздыру үшін қолдануға
болмайды.
• Тағамды әрқашан тұмшапештің
есігін жауып пісіріңіз.
• Егер құрылғы жиһаз панелінің
(мысалы, есіктің) артына
орналастырылса, онда құрылғы
жұмыс істеп тұрғанда есіктің
ешқашан жабылмайтынына көз
жеткізіңіз. Жиһаздың жабық
панеліне жиналған жылу мен ылғал
келешекте құрылғының,
қаптаманың немесе еденнің
бүлінуіне әкелуі мүмкін. Құрылғыны
қолданғаннан кейін толық суығанша
жиһаздың панелін жаппаңыз.
2.4 Күту менен тазалау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу, өрт қаупі
немесе құрылғыны
бүлдіріп алу қаупі бар.
• Құрылғыны жөндеу алдында электр
желісінен ағытып, ашасын
розеткадан суырыңыз.
• Құрылғының суық екеніне көз
жеткізіңіз. Шыны панелі сынып
қалуы мүмкін.
• Зақым келген болса есіктің шыны
панельдерін дереу ауыстырыңыз.
Уәкілетті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
• Құрылғыдан есікті алған кезде абай
болыңыз. Есіктің салмағы ауыр!
• Құрылғының қаптамасының сапасы
түспес үшін мезгіл-мезгіл
тазалаңыз.
• Құрылғыны дымқыл, жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз. Тек
бейтарап тазартқыш заттарды
қолданыңыз. Жеміргіш заттарды,
түрпілі жөкелерді, еріткіштерді
немесе металл заттарды
пайдаланбаңыз.
• Тұмшапеш бүріккішін қолдансаңыз,
оның орамындағы қауіпсіздік
нұсқауларын орындаңыз.
• Каталитті эмальды (бар болса) кез-
келген жуғыш затпен тазаламаңыз.
2.5 Буға пісіру
ЕСКЕРТУ!
Күйіп қалу және құрылғыны
бүлдіріп алу қаупі бар.
• Шыққан бу күйдіруі мүмкін:
– Тағамды буға пісіру барысында
құрылғының есігін ашпаңыз.
– Тағамды буға пісіргеннен кейін
құрылғының есігін абайлап
ашыңыз.
2.6 Ішкі жарықтама
ЕСКЕРТУ!
Электр қатері бар.
• Осы құрылғыда тек тұрмыстық
құрылғыларға ғана арналған шам
немесе галоген шамы қолданылған.
Оны бөлмені жарықтандыру үшін
қолданбаңыз.
• Шамды ауыстырар алдында
құрылғыны тоқтан ажыратыңыз.
• Техникалық параметрлері сай
келетін шамдарды ғана
қолданыңыз..
2.7 Сервис
• Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
• Тек ғана фирмалық қосалқы
бөлшектерді қолданыңыз.
2.8 Құрылғыны тастау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
• Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
• Құрылғыға жақын орналасқан
электр сымын кесіп, қоқысқа
тастаңыз.
• Балалар немесе үй жануарлары
барабанға қамалып қалмас үшін
есіктің бекітпесін алыңыз.
ҚАЗАҚ 7