User manual
Күнделікті
қолдану
Тұмшапешті пайдаланып болған сайын табанын тазалаңыз. Май
жиналғанда немесе басқа тағам қалдығы жиналса, өрт қаупін
тудыруы мүмкін. Гриль табағында бұндай қауіп одан да күшті.
Тұмшапештің ішіне немесе есігінің шыны панельдеріне ылғал
тұруы мүмкін. Буды азайту үшін тұмшапешті тағам пісіру
алдында 10 минут қыздырыңыз. Пайдаланып болған сайын
табанын жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Керек-
жарақтар
Керек-жарақтарды әр қолданып болған сайын тазалап, құрғатып
отырыңыз. Шүберекті, жылы су мен жуғыш затты пайдаланыңыз.
Керек-жарақтарды ыдыс жуғыш машинада жумаңыз.
Зат жабыспайтын қаптамасы бар керек-жарақтарды жемір
тазалағыштармен, өткір заттармен немесе ыдыс жуғыш
машинамен тазаламаңыз.
11.2 Тот баспайтын болаттан
не алюминийден жасалған
тұмшапештер
Тұмшапештің есігін дымқыл
шүберекпен немесе жөкемен ғана
тазалаңыз. Жұмсақ шүберекпен
құрғатыңыз.
Темір жүн, қышқыл немесе түрпілі
материалдарды қолданбаңыз, себебі
бұндай заттар тұмшапештің бетіне
нұқсан келтіруі мүмкін. Тұмшапештің
басқару панелін де осындай сақтық
шараларды орындап тазалаңыз.
11.3 Есіктің тығыздағышын
тазалау
Есіктің тығыздағышын уақытылы
тексеріңіз. Есіктің тығыздағышы
тұмшапеш жақтауының айналасында
орналасқан. Есіктің тығыздағышына
нұқсан келсе, тұмшапешті
пайдаланбаңыз. Уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Есіктің тығыздағышын тазалау үшін
тазалауға қатысты жапы ақпаратты
қараңыз.
11.4 Сөре сырғытпалары
Тұмшапешті тазалау үшін сөре
сырғытпалары алыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Сөре сырғытпаларын
алған кезде абай болыңыз.
1. Сөре сырғытпасының алдыңғы
жағын қабырғадан тартып
шығарыңыз.
2. Сырғытпа жолдардың артқы
жақтарын қабырғадан ағытып
алыңыз.
2
1
Алынған керек-жарақтарды кері
ретпен орнатыңыз.
Сырғытпа жолдардағы
білікшелер алға қарап
тұруға тиіс.
www.electrolux.com34