User manual

Дыбыстық сигналды өшіріп
қоюға болады.
Параметрлер тетігін сағат
тілінің бағытына қарсы,
терезеде пайда
болғанша бұраңыз. Осы
қалыпта тұрған кезде,
құрылғыны сөндіргеннен
кейін дыбыстық сигнал
естілмейді.
Минут операторы + Пісіруді аяқтау
функциясын болдырмау үшін,
параметрлер тетігін сағат тілінің
бағытына қарсы, терезеде пайда
болғанша бұраңыз.
8. КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
8.1 Керек-жарақтарды орнату
Торкөз сөре:
Сөрені сөре бағыттағыштарының
арасына салып итеріп, тіректерінің
төмен қарап тұрғанына көз жеткізіңіз.
Пісірме науа/ Шұңғыл науа:
Пісірме науа /шұңғыл науаны сөре
сырғытпасының бағыттағыштарының
арасына салып итеріңіз.
Тор сөрені және пісірме науаны /
шұңғыл науаны бірге пайдалану:
Пісірме науаны /шұңғыл науаны сөре
тірегінің бағыттағышының және
жоғарыдағы бағыттағыштар үстіндегі
тор сөренің арасына кіргізіңіз.
Үстіңгі жағындағы шағын
ойық қауіпсіздікті
арттырады. Дөңес тұстар
аударылып кетуден
сақтайтын құралдың рөлін
атқарады. Сөренің
айналасындағы биік жиек
ыдыстардың сөреден
сырғып кетуіне жол
бермейді.
8.2 Сырғытпа жолдар
Сырғытпа жолдарды
орнату нұсауларын кейін
пайдалану үшін сақтап
қойыңыз.
Сырғытпа жолдардың көмегімен
сөрелерді оңай алып-салуға болады.
www.electrolux.com14