User manual

келсе, қажетті кідіртіп бастау уақытын 2
түймешігін қайта-қайта басып таңдаңыз.
Тиісті сигнал шамы жанады.
Бұл функцияны бағдарламаны орнатып
болып, 6 түймешігін баспай тұрып
таңдаңыз.
Кешіктіріп бастау уақытын кез келген
уақытта, 6 түймешігін баспай тұрып
біржола тоқтатуға не өзгертуге болады.
6 түймешігін басқан соң кешіктіріп
бастауды болдырмау:
1. 6 түймешігін басу арқылы кір жуғыш
машинаны ҮЗІЛІСКЕ қойыңыз.
2. 2 түймешігін бір рет бассаңыз,
таңдалған кешіктіріп бастау
уақытына қатысты шам сөнеді.
3. Бағдарламаны бастау үшін 6
түймешігін қайта басыңыз.
Өте маңызды! Таңдалған кешіктіріп
бастау уақытын тек жуу бағдарламасын
қайта таңдап болған соң ғана өзгертуге
болады.
Есік кешіктіріп бастау уақыты
аяқталғанша құлыптаулы тұрады
(есіктің құлыптаулы екенін көрсететін
шам жанып тұрады).
Кешіктіріп бастау функциясын САРҚУ
және АЙНАЛДЫРУ
бағдарламаларымен бірге таңдауға
болмайды.
Қажетті функцияны 3, 4 және 5
түймешіктері арқылы таңдаңыз.
Бағдарлама түріне қарай әртүрлі
функцияларды біріктіріп пайдалануға
болады. Бұны қажетті бағдарламаны
таңдап алған соң 6 түймешігін баспай
тұрып таңдау қажет. Тиісті шам жанады.
Теріс функция таңдалған жағдайда
тиісті анықтағыш шам 2 секундтай
жыпылықтап тұрады. Функциялардың
жуу бағдарламаларымен үйлесімділігін
"Жуу бағдарламалары" тарауына қарап
анықтап алыңыз.
Бағдарламаны 6 түймешігін басып
бастаңыз
Таңдалған бағдарламаны бастау үшін
мына түймешікті басыңыз; тиісті сигнал
шамы жыпылықтағанын тоқтатады да,
тұрақты жанып тұрады.
Бағдарлама үрдісінің бейнебетінде A
және E сигнал шамдары жанады да,
машинаның жұмыс істей бастағанын
және есіктің құлыпталып қалғандығын
көрсетеді.
Параметрге не орындалып тұрған
бағдарламаға өзгеріс енгізу
Кез келген параметрді бағдарлама оны
орындамай тұрып өзгертуге болады.
Қандай да бір өзгерісті енгізбес бұрын,
кір жуғыш машинаны 6 түймешігін басу
арқылы үзіліске қойып алыңыз.
6 түймешігі басылмаған жағдайда
бағдарламаны өзгерте беруге болады.
Орындалып тұрған бағдарламаны тек
бастапқы қалыпқа әкелген соң ғана
өзгертуге болады. Бағдарламаны
таңдайтын түймешені
қалпына
әкеліңіз де, содан соң оны жаңа
бағдарламаға қойыңыз. 6 түймешігін
қайта басып жаңа бағдарламаны
бастаңыз.
Бағдарламаны кідірту
Орындалып тұрған бағдарламаны
кідірту үшін 6 түймешігін басыңыз, тиісті
индикатор жыпылықтай бастайды.
Бағдарламаны қайта бастау үшін
түймешікті тағы да басыңыз.
electrolux 9