User manual

Жуынды су құбырына 65 см-ден кем
емес, 80 см-ден артық емес биіктікте
тікелей жалғауға болады.
Су сарқитын түтікше айналасында және
ұшында ауа "жастықшасы" болуға тиіс.
Бұл негізгі құбырдың ішкі диаметрі
түтікшенің сыртқы диаметрінен
үлкенірек болу керектігін білдіреді.
650-800 mm
40 mm
Түтікше мен негізгі құбыр аралығында
50 миллиметрден артық емес орын
қалуы керек және оны осы қалпынан
жылжытпай бекіту қажет. Су ағызатын
түтікше жаншылып қалмауға тиіс.
Су сарқитын түтікшені ең көп дегенде
3,5 метрге дейін ғана ұзартуға болады.
Оны ұзарту үшін ішкі диаметрі кем
дегенде машинаның өз түтікшесінің
диаметріндей үлкен диаметрі бар
түтікшені пайдаланыңыз. Сай келетін
түтікше жалғастырғышты
пайдаланыңыз.
Электр қосылымына қатысты мәлімет,
құрылғы есігінің ішкі қырында
орналасқан техникалық ақпарат
тақтайшасында берілген.
Үйдегі электр желісінің басқа да электр
құрылғыларын қоса алғанда максимум
қажетті жүктемені көтере алатындығын
тексеріңіз.
Машинаны жерге қосылған
розеткаға жалғаңыз.
Жоғарыда көрсетілген сақтық
шарасы орындалмағандықтан
машина бүлінсе немесе адам
жарақат алса, өндіруші еш
жауапкершілік көтермейді.
Құрылғыны орнатып болған соң
қорек сымы қол оңай жететін жерде
тұруға тиіс.
Құрылғының қорек сымын ауыстыру
қажет болса, оны міндетті түрде
қызмет көрсету орталығы жүзеге
асыруға тиіс.
24 electrolux