User manual

2. Бұл түтікшенің машинаға
жалғанатын ұшы кез келген бағытта
айнала алады. Шығырық тәрізді
тығырықты босату арқылы түтікшені
дұрыстап орнатыңыз. Су құятын
түтікшені дұрыс орналастырған соң
су жылыстап ағып кетпес үшін
шығырық тәрізді тығырықты
қатайтып бұрауды ұмытпаңыз.
Су құятын түтікшені ұзартуға болмайды.
Егер ол тым қысқа болса және су
шүмегін орнынан жылжытқыңыз
келмесе, осындай мақсатта қолдануға
арналған жаңа әрі ұзын түтікшені сатып
алуыңыз қажет.
Өте маңызды! Машинаны жаңа құбырға
не көп уақыт пайдаланылмаған құбырға
қоспас бұрын осы құбыр ішінде тұрып
қалған қалдық не кірді суды жеткілікті
мөлшерде ағызу арқылы шайыңыз.
Суды сарқу
Суды сарқитын түтікшенің ұшын үш
түрлі жолмен орнатуға болады:
Раковинаның ернеуінен асыра оның
ішіне машинамен қатар жеткізілген
пластик бағыттағыш арқылы салып
қою.
Бұл үшін машина суы сарқылып тұрған
кезде түтікше ұшының раковина
жиегінен шығып кетпеуін қамтамасыз
етіңіз. Бұл үшін оны шүмекке баумен
байлап бекітуге не қабырғаға бекітіп
қоюға болады.
Тұтқышты пайдаланып раковинаның
жуынды су ағызатын құбырына жалғау
арқылы.
650-800 mm
Су сарқитын түтікшені құбырға
(мысалы, қол жуғыш не раковинаның
астына), тікелей су тұтқыштың үстіңгі
жағы арқылы қосуға болады. Су
сарқитын түтікшені жуынды су
құбырына жалғаған кезде оның иілген
тұсын раковинаның ернеуімен
деңгейлестіре орналастырып бекіту
керек.
electrolux 23