User manual

2. Машинаны тіктеп қойыңыз да, қорек
сымын алыңыз, су құятын және суды
сарқитын түтікшелерді құрылғының
арт жағында орналасқан
орындарынан алыңыз.
3. Сай келетін гайка кілтінің көмегімен
машинаның артқы жағындағы
бұрандалардың үшеуін де
нығыздағыштарымен қоса ағытып
алыңыз.
4. Содан соң барабанның ішіндегі
нұсқаулық кітапша салынған қалта
ішінен пластик тығындарды алып,
үш тесіктің үшеуін де тығындауыңыз
қажет.
Орналастыру
Машинаны тегіс қатты еденнің үстіне
орналастырыңыз. Кілем не еден
сүртетін шүберек т.с. заттар ауаның
машина айналасында еркін айналуына
кедергі жасамайтындығын тексеріңіз.
Машинаның қабырға не ас үй
жиһаздарының біріне тиіп
тұрмағандығына көз жеткізіңіз.
Машинаны алдыңғы екі сирағын көтеру
не төмен түсіру арқылы тіктеп қойыңыз.
Қажет болса, деңгейді ватерпас
көмегімен тексеріп көріңіз. Қажетті
түзетулерді гайка кілтінің көмегімен
жүзеге асыруға болады. Құрылғыны
дұрыс тіктеп орнату діріл, шу, не
машина іске қосылып тұрған кезде
орнынан жылжып кетпеуге көмектеседі.
electrolux 21