User manual

Бағдарлама Қуатты тұтыну (кВт) Тұтынылатын
су(литр)
Бағдарлама
ұзақтығы (минут)
Айналдыру - - ~ 5
1) 3 килограмға арналған "Мақта мата Эко 60°" бағдарламасы, қуат мәндері көрсетілген тақтайшадағы
ақпарат негізінде EEC 92/75 стандартына сай берілген бағдарлама.
Бұл кестеде көрсетілген тұтыну мөлшерлері тек жалпылама ұсыныс ретінде
ғана берілген, себебі бұл мәндер кірдің мөлшері мен түріне, пайдаланылатын
судың температурасы мен бөлме температурасына байланысты өзгеруі
мүмкін.
ОРНАТУ
Машинаны көтеру
Машинаны көтерген кезде абай
болыңыз. Машинаны дұрыс көтермеген
жағдайда, адам жарақат алып, сонымен
қатар машинаға да нұқсан келуі
ықтимал. Есікті ашып, ашылған қуысқа
қолыңызды жүгіртіңіз де үстіңгі жағынан
ұстаңыз. Сонымен қатар, машинаның
үстіңгі шығыңқы жерінің арт жағынан
ұстап та көтеруге болады.
Назарыңызда болсын! Машинаны
ешқашан басқару панелі, есігі не
жуғыш зат үлестіргішінен ұстап
көтермеңіз.
Қораптан шығару
Жуғыш машина тасымалдау барысында
барабан мен моторға еш нұқсан келмес
үшін көптеген бекіткіш құралдармен
жабдықталып/орауға арналған заттарға
оралып жеткізіледі. Құрылғыны іске
қоспас бұрын оны тасымалдау үшін
қолданылған бекіткіштер мен орам
материалдарының барлығын алу керек.
Бұл тасымалдау құралдарын машина
қайтадан көшірілетін жағдай туса
пайдалану үшін сақтап қоюды
ұсынамыз.
1. Полистиролдан жасалған кейбір
орам материалдарын машинаның
артқы жағындағы еденге төсеңіз де,
олардың үстіне машинаны сыртқы
жағын төмен қаратып абайлап
жатқызыңыз. Осы кезде құрылғының
ешбір түтігінің жаншылып
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Құрылғының астыңғы жағынан
полистирол төсемді алып тастаңыз.
20 electrolux