User manual

Ақаулық Мүмкін себебі/Шешімі
Еденге су аққан:
Жуғыш зат тым көп мөлшерде пайдаланылған не сай
келмейтін жуғыш зат (тым көп көбік пайда
болады)қолданылған.
Жуғыш зат мөлшерін азайтыңыз не басқа жуғыш затты
пайдаланыңыз.
Су құятын түтікшенің тығырықтарының ешбірінен су ақпай
тұрғандығын тексеріңіз. Су түтікше арқылы төмен құлдилап
ағатындықтан мұны көру әрқашан мүмкін бола бермейді;
оның дым не дым еместігін тексеріп көріңіз.
Су құятын түтікше қосылымын тексеріңіз.
Суды сарқитын не құятын түтікшеге нұқсан келген.
Оның орнына жаңасын салыңыз.
Жуу нәтижесі
қанағаттанарлықтай емес:
Жуғыш зат өте аз мөлшерде пайдаланылған не мүлдем сай
келмейтін жуғыш зат қолданылған.
Жуғыш зат мөлшерін көбейтіңіз не басқа жуғыш затты
пайдаланыңыз.
Оңай кетпейтін дақтар кірді жумай тұрып алдын ала
кетірілмеген.
Оңай кетпейтін дақтарды сатудағы заттарды пайдаланып
кетіріңіз.
Дұрыс температура таңдалмаған.
Дұрыс температураның таңдалған не таңдалмағандығын
тексеріңіз.
Кірдің салмағы шамадан тыс көп.
Жүктің салмағын азайтыңыз.
Есік ашылмайды:
Бағдарлама әлі жұмыс істеп тұр.
Жуу циклі аяқталғанша күтіңіз.
Есік құлпы ашылған жоқ.
"Есік құлыптаулы" шамы сөнгенше күте тұрыңыз.
Барабанның ішінде су тұр.
Суды сарқу үшін сарқу не айналдыру бағдарламасын
таңдаңыз.
Машина дірілдеп тұр не
одан шуыл шығады:
Орам материалдары мен тасымалдау үшін қолданылған
бекіткіштер алынбаған.
Құрылғының дұрыс орнатылғандығын тексеріңіз.
Сирағы лайықталып орнатылмаған
Құрылғының дұрыс тіктеп орнатылғандығын тексеріңіз.
Кір барабанның ішіне біркелкі таратылып салынбаған.
Кірді таратып салыңыз.
Барабанның ішіне салынған кір тым аз болуы мүмкін.
Кірді көбірек салыңыз.
Айналдыру кеш басталады
не машина айналмайды:
Теңсіздікті анықтайтын электронды құрал кір барабанның
ішіне дұрыс таратылып салынбағандықтан іске қосылған. Кір
барабан кері айналған кезде қайта таратылып салынады.
Бұл салмақ теңсіздігі жойылып, барабан қалыпты айналғанға
дейін бірнеше рет қайталануы мүмкін. Егер 10 минуттан соң
барабан ішіндегі кір әлі де біртегіс таратылмаса, машина
айналмайды. Мұндай жағдайда кірді қолмен таратып
салыңыз да, айналдыру бағдарламасын таңдаңыз.
Кірді таратып салыңыз.
Кірдің салмағы тым аз.
Кірді көбірек қосып салыңыз да, қолмен таратып болған
соң айналдыру бағдарламасын таңдаңыз.
Барабанның ішінен еш су
көрінбейді.
Қазіргі технологияға сай жасалған машиналар суды өте аз
пайдаланып тиімді жұмыс жасайды және бұл машинаның
жұмысына еш әсер тигізбейді.
18 electrolux