User manual

2. Жуғыш зат үлестіргіш орналасқан
суырмадағы сифонды тазалау үшін
алу қажет болса, оны ішке қарай
итеріп тұрып жоғары тартып алу
керек. Оны су шүмегінің астына
қойып тұрып, ұнтақтың қандай да бір
жиналып қалған қалдығы болса оны
шайып кетіріңіз. Оны қайта орнына
салған кезде сырт еткен дыбыс
естілгенше төмен қарай басыңыз.
Суырма ұясын тазалау
Суырманы алған соң, кішкене шөткені
пайдаланып ұясын тазалаңыз да, оның
үстіңгі және астыңғы жағынан ұнтақ
қалдықтарының іздері әбден
тазаланғанын тексеріңіз.
Суырманы орнына қойыңыз да, шаю
бағдарламасын барабанға ешбір киім
салмастан орындаңыз.
Су құятын түтікше сүзгісін тазалау
Егер суыңыз тым кермек не құрамында
әк қалдықтары болса, су құятын түтікше
сүзгісі бітеліп қалуы мүмкін. Сондықтан
да оны ара-тұра тазалап тұрған дұрыс.
Су шүмегін жабыңыз. Су құятын
түтікшені бұрап ағытып алыңыз. Сүзгіні
қатты қылдан жасалған шөткемен
тазалап алыңыз. Су құятын түтікшені
бұрап бекітіңіз.
Мұздап қалудың қатері
Машина 0°C градустан төмен
температурасы бар жерде тұрса, тиісті
сақтық шараларын орындау керек.
Су шүмегін жабыңыз.
Су құятын түтікшені бұрап ағытып
алыңыз.
Жуу бағдарламасын таңдаңыз да
машинаны іске қосып, бағдарламаны
біраз уақыт орындай тұрыңыз.
Бағдарламаны таңдайтын түймешені
қалпына қою арқылы
бағдарламаны тоқтата тұрыңыз.
•Су құятын түтікше мен суды сарқитын
түтікшені еденде орнатылған суағарға
(су сарқитын жүйе) барынша төмен
түсіріп қойыңыз. Түтікше ұшының
суағардағы (су сарқитын жүйе)судың
деңгейінен төмен түсіп кетпеуін
қадағалаңыз.
"Сарқу" бағдарламасын таңдаңыз да,
оны соңына дейін орындап шығыңыз.
Бағдарлама таңдау тетігін
қалпына
қойыңыз. Құрылғыны қайта іске
қосқыңыз келген кезде, бөлме
16 electrolux