User manual

Бағдарламаны болдырмау
Орындалып тұрған бағдарламаны
болдырмау үшін түймешені
қалпына
қойыңыз. Енді жаңа бағдарламаны
таңдауыңызға болады.
Бағдарлама басталып кеткен соң есікті
ашу
Әуелі 6 түймешігін басып
бағдарламаны үзіліске қойыңыз.
Біраз минут өткеннен кейін, келесі
жағдайлар орындалса есікті аша беруге
болады:
Судың температурасы 55°C
градустан төмен.
Судың деңгейі есіктің астыңғы
жиегінен төмен болса.
Машина айналдырмай тұрса.
Есікті аша алмасаңыз, бірақ оны
міндетті түрде ашу қажет болса, таңдау
тетігін
қалпына қойып машинаны
сөндіріңіз. Бірнеше минуттан кейін есікті
ашуға болады
(Судың деңгейі мен температурасына
назар аударыңыз!).
Осы әрекеттен кейін, бағдарлама мен
параметрлерді қайта орнатып, содан
кейін 6 түймешігін басыңыз.
Бағдарламаның соңы
Машина автоматты түрде тоқтайды.
D сигнал шамы жанады да,
бағдарламаның аяқталғандығын
білдіреді. E шамы өшеді, енді есікті
ашып жуылған кірді алуға болады.
Бағдарлама соңында машина ішінде су
қалса ("Шаюды кідірту" функциясы
таңдалған кезде), суды сарқу үшін
төмендегі нұсқауларды орындаңыз:
бағдарламаны таңдайтын түймешені
қалпына қойыңыз
"Сарқу" не "Айналдыру"
бағдарламасын таңдаңыз
6 түймешігін басыңыз
E сигнал шамы өшкен кезде есікті ашып
жуылған кірді алуға болады.
Цикл соңында бағдарламаны
таңдайтын түймешені
қалпына
қойыңыз да, машинаны өшіріңіз.
Кірді машинадан еппен алыңыз да,
барабанның бос екендігіне көз
жеткізіңіз. Тағы да кір жуғыңыз келмесе
су құятын кранды жабыңыз.
Зең мен жағымсыз иіс пайда болмас
үшін есікті ашық қалдырыңыз.
ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР
Жуылатын кірді сұрыптау
Әрбір киімнің затбелгісіндегі жууға
қатысты белгішелерге мұқият назар
аударып, өндірушінің жууға қатысты
нұсқауларын орындаңыз. Киімді
төмендегідей сұрыптау керек: ақ, түрлі-
түсті, синтетика, нәзік мата, жүн тоқыма.
Температуралар
95° не 90°
қалыпты кірленген ақ мата
не зығырдан жасалған
заттарға (мысалы, шай
сулықтары, сүлгі, үстел
жапқыштар ... ) арналған
60°/50°
қалыпты кірленген, бояуы
тез шығатын зығыр, мақта
не жасанды талшықтан
жасалған киімдер(мысалы,
жейде, жатарда киілетін
көйлек, пижама....) мен
аздап кірленген ақ мақта
киімдерге (мысалы, іш киім)
арналған
40°-30°-
Суық
нәзік мата (мысалы, тор
перде), синтетика мен "таза
әрі жаңа, машинада
жуылатын, тартылмайтын
жүн" деген затбелгісі бар
жүн тоқыма аралас кір
легіне арналған.
Жуылатын кірді салмас бұрын
Ақ және түрлі-түсті киімдерді ешқашан
бірге жумаңыз. Ақ киімнің "ақтығы" жуу
барысында бозарып қалуы мүмкін.
Жаңа түрлі-түсті киімдерді ең алғаш рет
жуғанда бояуы шығуы мүмкін;
сондықтан да оларды алғашқыда жеке-
жеке жуу қажет.
Жуылатын кірдің ішінде ешбір темір
заттың қалып қоймауын қадағалаңыз
(мысалы, шаш қыстырғыш, булавка,
түйреуіштер).
Жастық қаптарының түймесін салып,
тартпаларды тартып жауып, ілгектер
мен батырма түймешіктерді салыңыз.
10 electrolux